«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА – ЖАҢА КӨЛІКТЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлеріне сегіз өрт сөндіру көлігінің кілтін табыс етті.

Мекеменің материалдық-техникалық базасы жыл сайын жаңартылып келеді. Тек биылдың өзінде ғана 200-ден астам техника “Өнеркәсіпті дамыту қоры” АҚ-ның қаржы лизингі жобасы шеңберінде сатып алынды. Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен департамент бөлімшелері, жеке құрам қажетті жабдықтармен, 5 автокөлікпен, тіркемесі бар 2 “КамАЗ”-бен толықтырылды.

– Бар өмірін Отанға адал қызмет етуге арнаған жандар қашан да елдің ықылас-құрметіне бөленеді. Сіздер жанқиярлықпен жұмыс істеп, адамгершілік пен батырлықтың үлгісін көрсетіп келесіздер. Материалдық-техникалық базаның жақсаруы сіздердің жұмыстарыңыздың тиімділігі мен сапасына оң әсер етеді, – деді Құмар Іргебайұлы көлік кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімінде.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Рамиль Камаловтың айтуынша, жергілікті атқарушы органдар тарапынан материалдық-техникалық базаны жетілдіру мен жаңартуда көрсетіліп жатқан қамқорлық аз емес. Соңғы 4 жылда жергілікті бюджет есебінен өрт сөндірушілер мен құтқарушылар үшін техникалар, оның ішінде жол талғамайтын көліктер мен жедел-құтқару автомобильдері сатып алынған. Осы жолғы су жаңа техникалар облыс орталығына және аудандардағы өрт сөндіру бөлімшелеріне таратылады.

Жыл басынан өңірде 3040 өрт оқиғасы тіркеліп, 347 адам құтқарылған. 1583 адам қауіпсіз аймақтарға шығарылып, 62 зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілген.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp