Біздің облысымызда жанар-жағармай республика бойынша ең қымбат бағамен сатылып жатыр. Тұрғындардың сөзінше, көптің сұранысына ие АИ-92 бензинінің бағасы күн санап өсуде. Соңғы екі айда жанар-жағармай бағасы 15 теңгеге дейін өскен. “Ақшасы барлар қымбатшылықты сезбеуі мүмкін. Бензин бағасының шарықтап кетуі қарапайым тұрғындардың қалтасына салмақ салуда”, – дейді қала тұрғыны Андрей Шагаев.
Жауапты мамандар өңірімізде жанар-майдың қымбаттауына өндіруші зауыттарда бензин бағасының өсуі себеп болып отырғанын айтады. “Біз бағаны арзандату мәселесі бойынша операторлармен күнделікті кездесулер ұйымдастырып отырамыз. Келіссөздер жүргізіп, нарықтағы бағаны бақылаудамыз”, – деді облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Данияр Исаев.
Рабиға ЕРАЛЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.