«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Оксфордтың құрметті профессоры

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы Ермек Серкебаев атындағы өнерде дарынды бала­ларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат – өнер колледжінің директоры Рауза Кашенева атақты Оксфорд университетінің құрметті профессоры атанды.

Солтүстік Қазақстан облысы білім бас­қармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 желтоқсанда Рауза Кашенева өнерді дамытуға және талантты жастарды тәрбиелеу­ге сі­ңір­ген еңбегі үшін Оксфорд университетінің құрметті профессоры атанып, арнайы орденімен марапатталған.

Рауза Кашенева – педагогика ғылымдарының кандидаты, еліміздің білім беру ісінің құрметті қызметкері. Білікті ұстаздың шәкірттері облыстық, республикалық және халықаралық кон­курстарда жүлделі орындардан көрініп жүр. Рауза Әбутәліпқызының өзі де сахнада ән айтып, республикалық және халықаралық деңгейдегі фестивальдарға, байқауларға қатысқан. Ол италиялық ұлы органист, Ватиканның радио және теледидар директоры Артуро Сакеттидің Таллин қаласындағы Домский соборында өткен концертіне қатысқан.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp