«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Желтоқсан 24, 2021

Шағын отанның шаңырағы шайқалмасын

“Үйлену оңай, үй болу қиын” демекші, от­басын құру – әр адамға жауапкершілік жүктейтін іс. Демографиялық ахуал он­сыз да нашар біздің өңірде кейбір жас­тар жауапкершіліктен қашатындай әйтеуір отбасын құруға асығар емес. Әлде жас­тардың жаңа өмірге қадам басуына ерлі-зайыптылардың көптеп ажырасуы се­беп болып отыр ма?

ҚАСИЕТТЕН ҚАШҚАНЫ НЕСІ?

Құдамыз еді. Ата жолымен бас табаққа іліккенбіз. Бізден басқасы жетпіс-сексенді алқымдап қалған ақсақалдар, арасында заманында аудан, облыстағы әлденеше саланың екі тізгін бір шылбырын қолға ұстаған, бұл күнде жалпақ жұртқа ақыл айтып жүрген абыздар да бар.

Кенже бала

“Дүниенің басы – той, аяғы – мұң!” – деген сөзін ұқпаппын баяғының… Азасынан анамның қайтарымда, келді менің қасыма таяп інім.

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАР

Бір ауылдың топырағында аунап-қунап өскен ерлі-зайыпты Манарбек пен Рахила Бектембаевтардың отбасы – тамыры тереңге жайылған үлкен әулет. Мәуелі ағаштай көркейіп, жапырағы жайқалған отбасының қос бәйтерегіне қарап, еңбексіз өмірдің мәні де, сәні де жоқ екеніне көз жеткізе аламыз.

Ақылдың көзі — аталы сөз

Жас ұлғайған сайын адам­ның өмірге деген көзқарасы өз­гереді екен. Өмірдегі бағалы дү­ниелер мен қадірлейтін қа­сиеттерді түсіне бастай­сың. Кейде болмашы нәрсеге балаша қуанып, енді бірде кө­ңілге кірбің түсіретін, мұңая­тын кездер де болады.

“Sensitive”-тің сырлы әлемі

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында “Sensitive” би ұжымының “Танцуем любовь” атты есеп беру концерті өтті.

Өнертапқыш құтқарушылар

Петропавлда “Өрт сөндіру­ге арналған үздік техникалық құрылғы” байқауы өтті. Құтқа­рушы-өнертапқыштар арасын­дағы өткен сында облыстың ау­дандары мен қала бөлімшеле­­рінен 10 үміткердің ойлап тапқан қондырғысы ұсынылды.

“ТЕЛЕФОН ТЕРРОРИСІ”

Жуырда Петропавл қалалық полиция басқарма­сының кезекші бөліміне бомба қойылғаны жайлы жалған хабарлама түскен. Телефон соққан белгісіз ер адам Петропавл қаласындағы үйлердің біріне жарылғыш зат қойылғанын хабарлап, қай үйде екендігін өздерің іздеңдер деп телефон­ды өшіре салған. Облыстық полиция департа­менті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бір сағаттың ішінде қоңырау шалған адамды ұстады. Ол облыс аудандарының бірінің тұрғыны …

“ТЕЛЕФОН ТЕРРОРИСІ” Read More »

АУЫЛ ҚОЛДАУҒА ИЕ

2016 жылдан бері орталық атқарушы органдардың басшылары, әкімдер есеп беру кездесулерін өткізіп келеді. Ондағы мақсат – мемлекеттік басқару жүйесіне азаматтарды белсенді түрде қатыстыру, жергілікті биліктің жауапкершілігін арттыру, қоғамды одан әрі демократияландыру, тұрғындарды елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар ету, жергілікті жерлерде қордаланып қалған түйткілді проблемаларды шешуге барынша ықпал жасау.

Қауіп сейілген жоқ

Облыстық әкімдіктің кезекті отырысы өтіп, өңірдегі эпидемиологиялық ахуал және вакцинация барысы талқыланды. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов арқаны кеңге салуға әлі ерте екенін айтып, аурудың алдын алудың жалғыз жолы – екпе салдыруды жеделдетуді тапсырды. Солтүстік Қазақстан облысы желтоқсанның 6-нан бері “сары” аймақта.

Тышқаншық салу

Қатты науқастанып тұрған бала­ны тез айығып кетуі үшін оның ата-анасы жақын жердегі немесе көр­шілес отырған үйге апарып, “балам тышқаншық сала келді”, – дейді. Бұл – ауырған баланың дертінен айықтыра түсудің, көңілін сергітудің бір шарасы есебінде жасалатын ырым. Барған үйдің иелері науқас­тың тәуір болып кеткеніне қуанып үйдегі бар жылы-жұмсағын асады немесе мал сойып құрметтейді. Баланың көңілі …

Тышқаншық салу Read More »

КӨШЕТ ЕГУШІЛЕРГЕ КӨМЕК Теріскей орманшыларына жаңа техникалар берілді

Солтүстік Қазақстан облысының орман шаруашылығы мекемелерінің автопаркі биыл 212 млн. теңгенің жаңа техникаларымен толықты. Жаңа тракторлардың соңғы легін облыс әкімі Құмар Ақсақалов табыстады.

ИНТЕРНАТТАРДА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН БА?

Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік кеңестің отырысында мектеп-интернат­тардың жағдайы талқыланды. “Nur Otan” партиясы облыстық филиалының өкілдері желтоқсан айының басында аталмыш мекемелерге мониторинг жүргізген болатын.