«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өнертапқыш құтқарушылар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда “Өрт сөндіру­ге арналған үздік техникалық құрылғы” байқауы өтті. Құтқа­рушы-өнертапқыштар арасын­дағы өткен сында облыстың ау­дандары мен қала бөлімшеле­­рінен 10 үміткердің ойлап тапқан қондырғысы ұсынылды.

Шараның мақсаты – апаттық құтқару және өрт сөндіруге арналған құ­рылғыларды жетілдіріп, тәжірибеде қолдану. Байқауда қазылық еткен өз ісінің білікті мамандары үміткерлер ұсынған қондырғыларды қарап тексерді. Өнертапқыштардың жұмыстары бұйымдарды құрастыру қиын­дығы мен оны қолдану аясына бай­ланысты бағаланды. Нәтижесінде жүлдегерлер анықталды. Бірінші орын – Мағжан Жұмабаев ауданындағы №12 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Ерлан Елубаевқа бұйырды. Аға лейтенант “хулиган” деп аталатын өртке қарсы қолданылатын құрылғыны ойлап тапты. Ал екінші орынды – облыс орталығында №2 мамандандырылған өрт сөндіру бө­лімінің маманы Самат Жапаров иеленді. Ол отты ауыздықтауға арналған су себетін түтік құбырды жылдам түсіру қондырғысы мен есіктің жабылмауын қамтамасыз ететін тежеуішті жасап шығарды. Тайынша­дағы №14 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Әлімхан Күшеков үшінші орынға лайық деп танылды. Ол суды үнемдейтін құрылғы әзірлеген.

Евгений ЖУРАВЛЕВ,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp