«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Желтоқсан 27, 2021

Пневмониямен ауырғандар саны 1,9 есе артты

Солтүстік Қазақстан облысында эпидемиологиялық маусым басталғалы 373 адамда пневмония тіркелді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,9 есе артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде Аризона университетінің үлгісіндегі мектеп құрылады

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ҚР Парламенті Мәжіліс өкілдерінің депутаттық сауалына берген жауабында жоғары оқу орындарын төрт санатқа жіктеу не үшін қажет екенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлда жылу-электр орталығында апат болып, бірнеше қазандық істен шықты

Петропавлда демалыс күндері екінші жылу-электр орталығында бірнеше қазандық істен шығып, энергетиктер жылу беру қуатын азайтуға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ең басты байлығымыз

Тәуелсіздік алғаннан бергі үш онжылдық ішінде облыстың денсаулық сақтау саласы қарыштап дамыды. Озық техно­логиялармен жабдықталған ауруханалар ашылып, күрделі оталар жасала бастады. Петропавл қаласының өзінде №3 қалалық емхана, қан орталығы, былтыр инфекциялық ауру­хана қолданысқа берілді. Қазіргі таңда “Береке” және “Жас өркен” шағынаудандарында емдеу мекемелері салынып жатыр.

Тұңғыш ұлттық балабақша

Кеңес Одағы тұсында облыс орта­лығында қазақ тілінде тәрбие беретін балабақша болмаған. Осы олқылықтың орнын толтыру мақ­сатында 1991 жылы қарашаның 6-сы күні Петропавлда ұлттық рухтың қайнары ретінде “Салтанат” бөбекжай-балабақшасы өз есігін айқара ашты. Жасыратыны жоқ, о баста қаракөздеріміз баласын қазақ балабақшасына беруге құлшыныс танытпады. Себебі сол кезде Қазақстанның дербес ел атанатынына сенбегендер де бар еді.

БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері қаламызда кәсіпкерлік қарыштап дамуда. Әсіресе соңғы жылдары Петропавлда инвестициялық жобалар сәтті жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі – “SMB GROUP Family” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

АЖАРЫ АТҚАН ТАҢДАЙ

Әрбір адам баласы үшін ең қастерлі ұғым – Тәуелсіздік екені даусыз. Биыл біздің еліміздің егемендік алғанына 30 жыл толды. Ата-бабамыздың арманы орындалып, азаттықтың арайлы таңы атқанына барша әлем куә. Үш онжылдық ішінде Қазақстан талай асуларды бағындырды. Мұның барлығы Елбасы Нұрсұлтан На­зарбаев жүргізген сындарлы сая­сат­тың жемісі деп бағалауымыз қажет. Бүгіндері бұл сара жолды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев …

АЖАРЫ АТҚАН ТАҢДАЙ Read More »

Онлайн қабылдау өткізді

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов тұрғындарды онлайн режімде қабылдап, толғандырған сұрақтарға жауап берді. Қабылдауға жазылғандар жер учаскесін ресімдеу, үй маңын асфальттау, денсаулыққа қатысты мәселелерді қозғады.

Ұйым жұмысы қайта жанданбақ

Достық үйінде қазақ тілінің жанашырлары мен белсенділерінің жиыны өтіп, халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы облыстық филиалының жұмысын жандандыру мәселесі қаралды. Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Жамантаев ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Түркістан қаласында өткен “Қазақ тілі” қоғамының төртінші құрылтайының мән-маңызына тоқталып, онда ана тілімізге қатысты өзекті мәселелердің талқыланғанын атап өтті.