«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Желтоқсан 29, 2021

Арқа сүйерім еді

Ағама арнап естелік жазам деп ешқашан ойламап едім. Біреу біл­се, біреу білмейтін шығар, герон­тология деген ғылым бар. Адам­ның ақыл тоқтатқан кезінен бас­тап, өмірінің соңына дейінгі ке­зеңді зерттейді. Солардың есеп­теуі бойынша, 45 жасқа дейінгі өмір – жастық шақ, 45-59 жастың арасы – орта жас, 60-70 – жаса­мыс кезең, 75-89-дың арасы – кәрілік, ал 90-нан асқандар – …

Арқа сүйерім еді Read More »

АУДАН ЖЫЛНАМАСЫ

Мағжан Жұмабаев аудандық тарихи-өлкетану мұражайында жазушы Айтбай Сәулебектің “Ұлы Мағжан елінде” атты тарихи-танымдық кітабының тұсаукесері өтті. Аталмыш шараға аудан әкімі Қайрат Омаров, ауданның құрметті азаматтары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Сырт алаңдағы тартыс

Хоккейден ел біріншілігі жалғасуда. Петропавлдық “Құла­гер” клубы сырт алаңда “Номад” командасына қарсы екі ойын өткізді.

Электр сымын ұрлаған

Қызылжар ауданының поли­ция қызметкерлері ұзындығы 11 шақырымнан асатын электр желісінің сымын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тер­геуде. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 2,5 миллион теңгені құрайды. Аудан орталығынан Тру­довая Нива ауылына дейінгі учаскеде жоғары вольт­тық бағандардағы сымдардың жоғалғанын анық­таған аудандық электр желісін тарату станциясының бастығы жел­тоқсан айының басында полицияға жүгінген.

СУЫҚ ТИГЕНДЕР КӨП

Облыста жіті респираторлық ви­рустық инфекцияны жұқтырғандар қатары артып, сырқаттанғандар саны 15 мыңнан асты. Сани­тарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қыз­метінің мәліметінше, бұл жыл сайын қайталанатын жағдай.

Оқушылар екпе алуда

Өңірімізде 12 жастан асқан жасөспірімдерді, жүкті және сәбилі әйелдерді вакциналау жалғасуда.

“ҚОНАЕВТЫҢ РӨЛІН СОМДАҒЫМ КЕЛЕДІ”

Қызылжардағы қасиетті өнер ордаларының бірі – С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры үшін өтіп бара жатқан жыл табысты болды. Бірнеше фестивальға қатысып, түрлі аталымдарда жеңіске жетті. Театр ұжымының жас әртістермен толығуын да жетістікке балаған жөн. Еліміздегі таңдаулы оқу орыны саналатын Т.Жүргенов атындағы өнер акаде­миясының түлектері қатарға қосылды. Өнерлі жастардың бірі Дінмұхамбет Серікұлымен аз-кем әңгімелескен едік. Сұхбатты …

“ҚОНАЕВТЫҢ РӨЛІН СОМДАҒЫМ КЕЛЕДІ” Read More »

БАЛҒЫНДАРҒА — БАЗАРЛЫҚ

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен балаларға арналған “Жарқыра, жайна жаңа жыл – Тәуелсіз қазақ елінде!” деген атаумен Президенттік жаңа жылдық шырша өтті. Пандемиялық шектеулерге байланысты шара онлайн-режімде ұйымдастырылды. Президенттік шыршаға ата-ана қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, ерекше білім беру қажеттіліктері бар, жетім және мүгедек, сондай-ақ оқуда, спортта және шығармашылықта жетістікке жеткен дарынды …

БАЛҒЫНДАРҒА — БАЗАРЛЫҚ Read More »

Өрт оқиғалары жиілеген

Өңірімізде жыл басынан бері 731 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 53 адам көз жұмып, 41-і түрлі дене жарақатын алды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі депар­тамент мамандары ұйымдастырған баспасөз мәслихатында айтылды.

СПОРТЫ АЛҒА БАСҚАН АУЫЛ

Облысы әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда болып, Раисовка ауылында салынған “Жастар” хоккей кортының ашылу рәсіміне қатысты. Жабық хоккей кортының жалпы аумағы – 2590 шаршы метр. Құрылысқа бюджеттен 84 млн. теңге жұмсалса, “Раисовка” ЖШС-і өз қаражаты есебінен 15 млн. теңге жұмсап, айналаны абаттандырды. Киім ауыстыратын бөлмелер талапқа сай жабдықталған.

Қоспажем – қажет өнім

Тайынша ауданында жылына 72 мың тонна дайын өнім шығаратын қоспажем зауыты ашылды. Жаңа нысанның жұмысымен өңір басшысы Құмар Ақсақалов танысты. Зауыт сапалы мал азығын өндіреді. Құрылысына кәсіпкер 1 млрд. теңге жұмсаған. Еуропадан әкелінген қондырғы 13 түрлі қоспажем шығаруға мүмкіндік береді. Жемазықты төрт түлікке де, құстарға да беруге болады, балықтарды қоректендіруге де жарамды.

Мақсат айқын, меже биік

Облыстық әкімдіктің кеңейтілген отырысында облыстың 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылып, 2022 жылы атқарылатын кешенді іс-қимыл жоспары туралы айтылды. Өңір басшысы Құмар Ақсақалов баяндама жасап, қол жеткен табыстар мен алдағы міндеттерге кеңінен тоқталды.

Аграрлық саладағы асулар

Солтүстік Қазақстан облысы ау­мағы жағынан еліміздегі ең шағын өңір болса да, қамбаға астық құю жағынан көш басында. Өйткені өңір диқандары республика бо­йын­ша орылатын дақылдың 30 па­йызын өсіреді. Тарих қойнауына еніп бара жатқан 2021 жылды те­ріскейлік диқандар табысты аяқ­тап отыр, басты көрсеткіш – қамба толы астық. Биыл өңір бойынша 4 млн. 300 мың гектар алқапқа егін …

Аграрлық саладағы асулар Read More »

“ҚУАНЫШТЫҢ” ҚЫЗҒАЛДАҒЫ

Өңіріміздегі “Қуаныш” волейболшылар клубының сапында жасындай жарқылдап жүрген белді ойыншылардың бірі – Са­бира Бекішева. 24 жастағы Тимирязев ауданы тумасының қол жеткізген қомақты табыстары көп. Ол биыл Қазақстанның кубогы үшін болған айтулы бәсекеде команданың қола жүл­дегер атануына зор үлес қосты.

Алтын алма, алғыс ал

“Jas Otan” жастар қанатының еріктілері биыл жалғызбасты зейнет­керлердің үйлеріне 85 рет барып, көмек қолын ұсынды.

Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін

Жаһанды жайлаған пандемияға қарамастан еліміз биылғы жылды үлкен жетістіктермен қорытындылап отыр деуге болады. Жалпы әлем елдері секілді бізде де биыл пандемиядан кейінгі экономикалық өсімді қалпына келтіруге баса мән берілді. Сонымен қатар жылдың негізгі лейтмотиві ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын лайықты атап өту болды. 16 желтоқсан – әрбір отандасымыз үшін қастерлі мереке, айтулы дата. Мемлекет басшысының жұмыс …

Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін Read More »

Интернетте ақшасын еселегісі келген петропавлдық 3 млн теңгесінен айырылды

Петропавл тұрғыны әлеуметтік желіде алаяқтардың арбауына түсіп, 3 млн-ға жуық теңгесінен айырылды. Жылдам пайда көрмек болған ер адам енді қарызға белшесінен батқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.