«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Оқушылар екпе алуда

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде 12 жастан асқан жасөспірімдерді, жүкті және сәбилі әйелдерді вакциналау жалғасуда.

Абай атындағы маманданды­рылған қазақ мектеп гимназиясының оқушылары “Pfizer” вакцинасын алды. Білім ордасында жалпы 1059 оқушы оқиды. Олардың 451-і – 12-18 жастағы оқушылар. Бүгінгі таңда 32 оқушы екпе алған.

Облыс бойынша 268158 адам екпенің бірінші, 251469 адам екінші компонентін алды. Қазіргі уақытта 25859 адам ревакциналанды.

Жалпы пандемия басталғалы өңірімізде коронавирус инфек­циясын 34515 адам жұқтырды. Өткен тәулікте облыста 41 тұрғынның қауіпті дертке шалдыққаны белгілі болды. Оның 39-ында ауру белгілері байқалған.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp