«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

СУЫҚ ТИГЕНДЕР КӨП

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста жіті респираторлық ви­рустық инфекцияны жұқтырғандар қатары артып, сырқаттанғандар саны 15 мыңнан асты. Сани­тарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қыз­метінің мәліметінше, бұл жыл сайын қайталанатын жағдай.

– Өткен маусыммен салыстырғанда аурушаңдық 41 пайызға өскен. Жіті респираторлық вирустық инфекцияны жұқтырғандардың жартысынан көбі – балалар. 534 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 13 жүкті әйел және бір жасқа дейінгі 155 бала бар. Петропавл қаласында А типті тұмаудың екі жағдайы тіркелді. Өткен жылы облыс аумағында тұмау тіркелген жоқ. Тұмауға қарсы 90558 адам егілді, – дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Салтанат Бекқожина.

Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, тұмаудың таралуына жол бермеу үшін маска тағу қажет. Коронавируспен күресте қолданы­латын ережелер мұнда да қатаң сақталуы тиіс. “Әлемде корона­вирустың “омикрон” штамы өте жылдам таралып жатыр. Ғалым­дар жаңа штамның белгілері тұмауға ұқсас екенін айтады. Яғни, оның бес негізгі белгісі бар: бас ауруы, мұрын бітелу, түшкіру, тамақтың ауруы және шаршау. Кейбір адамдарда жөтел болып, тәбеттері жоғалған. Мұның бәрі суық тиюге, тұмауға да тән”, – дейді Салтанат Бекқожина.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp