«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Петропавлда әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан сарбаздарды еске алу митингісі өтті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы Ұлттық ұлан әскери институтында әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің ерлігіне арналған митинг өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық ұлан әскери институты баспасөз қызметінің мәліметінше, митинг барысында Әскери институттың жеке құрамы қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды және соңында салтанатты маршпен өтті.

«Әскери институт қолбасшылығының, ардагерлер кеңесінің, ғылыми кеңестің атынан және жеке өз атымнан қаза тапқан жауынгерлер мен полиция қызметкерлерінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Бұл біз және барлық қазақстандықтар үшін орны толмас қайғы», – деп атап өтті әскери институттың бастығы Бауыржан Әбжанов.

Елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында Ұлттық ұланның екі әскери қызметшісі қаза тапты. Жас сарбаздар халықтың тыныштығы мен амандығы үшін қойылған міндеттерді ерлікпен орындады.

Қатардағы жауынгер Мадияр Қайсаров 5 қаңтарда жедел бөлімше құрамында Қызылорда қаласындағы қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру барысында жауынгерлік міндетті орындай отырып, ауыр жарақат алды. Ол әскери антқа адал болып, Отанын қорғау бойынша конституциялық борышын соңына дейін орындады. Жауынгер алған жарақаттарынан қайтыс болды.

«Осы күні гвардияшы Айбат Аманов та Талдықорған қаласында бұзақылар мен мародерлермен шайқас барысында қаза тапты. Екі сарбаз да өте жас – 18-19 жаста ғана. Мадияр Қайсаров пен Айбат Амановтың есімдері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының ерлік шежіресіне мәңгіге енеді», – деді Бауыржан Әбжанов.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp