«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Петропавлда төтенше жағдай режимін бұзған 11 адам жауапкершілікке тартылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда төтенше жағдай режимін, соның ішінде комендаттық сағатты бұзғаны үшін 11 адам жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың басым бөлігі коменданттық сағатты бұзғандар. Тағы бір адам спирттік ішімдік сатқаны үшін жауап береді. Барлық заң бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Төтенше жағдайды бұзғаны үшін заңнамамен айыппұл салу не 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза қарастырылған.

«Барлық қазақстандықтар үшін осынау қиын кезеңде азаматтарды төтенше жағдай режимі талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз. Уақытша енгізілген барлық шектеулер тек халықтың қауіпсіздігі үшін және жағдайды тұрақтандыруға бағытталған. Біздің облысымызда жағдай тұрақты. Халықтың құқықтық тәртіп органдарына заңды және ТЖ режимінде белгіленген тәртіпті мүлтіксіз сақтау арқылы қолдау білдіре алады», – дейді СҚО коменданты, ПД бастығы Марат Төлебаев.

СҚО Полиция департаментінде CALL-орталығының 8 7152 61-25-42 телефонының жұмысы ұйымдастырылды. CALL-орталығына азаматтар ТЖ режимі кезеңіндегі шектеу шаралары бойынша сұрақтарымен жүгіне алады.

СҚО аумағында сағат 23.00-ден таңғы сағат 7.00-ге дейін коменданттық сағат енгізілген. Бұл уақытта үйден шығуға, сондай-ақ көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады. Петропавл қаласының айналасына 5 блок-бекет қойылды. Облыс орталығына кіру және шығу шектелді. Алкоголь өнімдерін сату құқығынсыз көңіл көтеру, ойын-сауық орындары, дәмханалар, мейрамханалар, барлар сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Сонымен қатар, барлық сауда орындарында спирттік сусындар сатуға тыйым салынды. Жаппай іс-шараларды өткізуге тыйым салынды, фото және бейнежазба жүргізетін техникаларды пайдалану шектелді. Төтенше жағдай режимі кезеңінде бақылау-өткізу режимі және жеке бастарын куәландыратын құжаттарын тексеру, жеке қарау, көлік құралдарын тексеру енгізілді.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp