«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шапағат шуағы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жаңа жыл қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласындағы “Gentlemenי s Club” клубының бас директоры Руслан Шамкенов солтүстікқазақ­стандық екі отбасыға үй сатып алып берді.

Баспаналы болғандардың бірі – Есіл ауданына қарасты Амангелді ауылында тұратын Людмила Ильина. Жалғызбасты әйелдің 7 баласы бар. Кең әрі жылы үйдің 3 жатын, бір қонақ бөлмесі, ауласы, қора-жайы мен мон­шасы да бар. Тіпті тереңнен су тартатын құдығы да жұмыс істеп тұр. Людмила Ильина демеушілік көрсет­кен қайырымды жандарға алғысын айтып, қуанышты екенін жеткізді.

Клуб өкілдері, сондай-ақ Уәлиханов ауданындағы Әділет Мұхамедрахимовқа да қолдау көрсетіп, үй сатып алуға қажетті қаржысын жинап берді. Ізгі ниетті жандар Батыс, Шығыс Қа­зақстан, Ақмола және Түркістан облысындағы мұқтаж отбасыларға да кө­мек қолын созып, үйлі болуларына ­септігін тигізді.

Мейраш АБУОВ,

Есіл ауданының тұрғыны.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp