«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Төтенше жағдай режимі алынғанымен, блокпосттар жұмысын жалғастырады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында бүгіннен бастап төтенше жағдай режимі алынғанымен террористік қауіптің сары деңгейіне байланысты блокпосттар жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 қаңтар сағат 7.00-ден бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облысынан төтенше жағдай режимі алынды. Осыған орай, облыс аумағы мен Петропавл қаласына кіру шектеулерінен басқа, бұрын енгізілген шектеулер алынады. Террористік қауіптің сары деңгейіне байланысты терроризммен күрес жөніндегі облыстық жедел штабтың шешімімен өңірде блокпосттар жұмысын жалғастырады. Яғни, бұрынғыдай жеке басты куәландыратын құжаттарды тексеруді көздейтін бақылау-өткізу режимі жалғасады.

«Бақылау-өткізу режимі тек халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ғана қалып отыр. Бұрын енгізілген шектеулер мен тұрғындардың тәртіпті сақтауы жалпы жағдайды тұрақтандыруға септігін тигізді. Ішкі істер органдарының жеке құрамы бұрынғыдай ерекше режимде жұмыс істей береді. Қоғамдық тәртіп пен аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілерді күзету жалғасады», – деді СҚО Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp