Әлемді жайлаған қауіпті індет басталған кезеңнен бері медицина қызметкерлері алдыңғы шепте жүр. Олар ревакциналау шарасына да белсене қатысуда. Бүгінде бірінші қалалық емханада 461 қызметкер болса, солардың 250-і ревакцинадан өтті. Сонымен қатар мамандар тұрғындардың да екпе салдыруда белсенділік танытып жатқанын айтады. Аталмыш медициналық ұйымның екпе егу пунктіне күніне 40-қа жуық адам келеді. Вакцина алғанға дейін ақ халаттылар келушілердің қан қысымын өлшеп, дене қызуын тексереді. Бүгінде 37383 облыс тұрғыны ревакцинациядан өтсе, олардың дені “QazVac” вакцинасын таңдады.
– Созылмалы аурулар асқынғанда, аллергия, жоғары қысым мен дене қызуы көтерілгенде екпе алу кейінге шегеріледі. Денсаулықтары қалпына келген соң вакцина алған тұрғындар бар, – деді №1 қалалық емхананың фельдшері Ирина Червоносова.
Гүлнәр ҚАЛИЕВА,
облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.