«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Блокпостар арқылы 31 мыңға жуық көлік өткен

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бастап осы күнге дейін 31 мыңға жуық көлік өткен. 500-ге жуығының өтуіне тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде 13 қаңтардан бастап төтенше жағдай режимі тоқтатылғанымен, бұрын қойылған 25 блокпост жұмыс істеп жатыр. Терроризммен күрес жөніндегі облыстық жедел штаб террористік қауіптің сары деңгейіне байланысты әзірге бақылау-өткізу режимін қалдырып отыр. Петропавл маңында орналасқан бес блокпосттан тұрғындар жеке басты куәландыратын құжаттарын көрсетіп барып өтіп жатыр.

Бұдан басқа ішкі істер органдарының жеке құрамы бұрынғыдай ерекше режимде жұмыс істеуді жалғастырады. Қоғамдық тәртіп пен мемлекеттік және стратегиялық маңызы бар нысандар бұрынғысынша қатаң күзетіледі.

Төтенша жағдай енгізілгеннен бері өткізу пункттерінен 31 мыңға жуық көлік өтті. 494 көліктің өтуіне тыйым салынды. Осы күндер ішінде төтенше жағдай режимін бұзудың 120 фактісі анықталды, негізінен коменданттық сағатты бұзуға қатысты.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp