«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жақсылық жасау — парыз

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Екі жүз алпыс нұротандық Алматыда тәртіпсіздіктерден зардап шеккен адамдар үшін қан тапсырды.

Қан жинау жедел түрде ұйымдастырылып, алғашқы бөлігі Оңтүстік астанамызға жіберілді. Оған “Nur Otan” партиясының Петропавл қалалық филиалы бастамашы болды. Көмектесуге ниет білдіргендердің арасында бастауыш партия ұйымдарының мүшелері көптеп кездеседі. “Радуга”, “Қызылжар су” мекемелері ерекше белсенділік танытты. Елде төтенше жағдай режімі жарияланысымен партия мүшелері тиісті орындармен хабарласып, демалыс күніне қарамастан қан құю орталығына жиналды.

“Қан орталығына барып, мекеме әкімшілігімен байланысымызды күшейттік. Өйткені Алматыда содырлардан зардап шеккендерден басқа қанға мұқтаж адамдар аз емес. Олардың қатарында жүкті әйелдер, жүрек-қан тамыры, бүйрек ауруына шалдыққан науқастардың болуы бізді бейтарап қалдырмады. Әрине, кез келген адам донор бола алмайды, сонда да өз үлесімізді қосқымыз келді. Теңіздің тамшысындай көмегіміз тиіп жатса екен деген ниеттеміз”, – дейді “Nur Otan” партиясы Петропавл қалалық филиалының бірінші орынбасары Кеңес Мұқышев.

Қайырымдылық шарасына атсалысқандардың арасында “Болашақ” филиалдарының қызметкерлері де бар. Донорларды іздеу жұмыстары жалғасуда.

Ілияс СӘБДИНОВ,

“Nur Otan” партиясы Петропавл қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp