«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Түтіннен уланды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста соңғы бір аптаның ішінде 12 өрт оқиғасы тіркел­ді. Абырой болғанда адам өлімі тіркелмеді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, дүйсенбі күні Петропавлдағы Ойқала шағынауданындағы Павлов, 58 мекенжайындағы баспанадан өрт шыққан. Қызыл жалын жеке тұрғын үйдің 80 шаршы метр аумағын шарпыды. Өртсөндірушілердің жыл­дам әрекеті арқасында бір адам құтқарылды. Тілсіз жау толығымен сағат 08.42 кезінде ауыздықталды.

Тағы бір өрт оқиғасы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылында тіркелді. Қаңтардың 11-і күні түнгі сағат 01.30 шамасында “101” нөміріне жеке тұрғын үйден өрт шықты деген ақпарат түсті. Баспанада 1993 жылы туған келіншек пен оның 2 жастан асқан ұлы болған. Құтқарушылар дереу отты ауыздықтап, ана мен баланы сыртқа шығарды. Түтіннен уланған адамдар аудандық ауруханаға жеткізіліп, келер күні үйге жіберілді.

Мамандардың айтуынша, қызыл жалынның кесірінен орын алған төтенше жағдайлар тұрғындардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан тіркеледі.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp