«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Экспортқа шектеу

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық кәсіпкерлер палатасы үстіміздегі жылғы 12 қаңтардан бастап Қазақстаннан Ресей Федерациясына жануарларды және мал өнімдерін экспорттауға уақытша шектеу енгізгенін хабарлады.

Нақтырақ айтар болсақ, жануарларды, оның ішінде жабайы цирк және зообақ жануарларын, генетикалық материал, шикі ет және ет өнімдерін, сүт және сүт өнімдерін, жүн, тері, ішек өнімдерін шекарадан өткізуге болмайды.

Сонымен қатар құс пен балықтан алынатын өнімдер, мысықтар мен иттерге арналған азық, өсімдіктер, аквариум, сәндік құстар, жануарларды ұстауға және союға арналған жабдықты өткізуге де шектеу бар. Сондай-ақ Қазақстаннан Ресей аумағы арқылы тірі жануарлардың транзитіне тыйым салынды.

Тауарлар экспортына уақытша тыйымның салынуына Қазақстанның кейбір өңірлерінде, жануарлар арасында өте жұқпалы аусыл ауруының тіркелуіне байланысты қолға алынған сақтық шаралары себеп.

Сағынгүл ІРГЕБАЕВА,

облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp