«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қаңтар 17, 2022

Қаңтар күнделігі

Бұл күндерде болмады мазам мүлдем, Күнделігін қаңтардың жазам жырмен. Жүрегімнің тұмасын төгіп салып, Тазартамын жанымды тозаң-кірден.

ОТАНДЫ СҮЮ — ЕҢ ҰЛЫ СЕЗІМ

Мағжан ақынның: “Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты, мен жастарға сенемін!” – деп жырға қосып, болашағына үмітпен қараған жастардың бүгінгі болмысы қандай? Тәуелсіздіктің шүлен шұғыласына бөленіп өскен жастардың заманға деген таным-түсінігі, іс-әрекеті қай деңгейде? Жыл басында орын алған “Қасіретті қаңтар” оқиғасы біраз жайдың бетін ашқаны анық. “Қазақстанның болашағы – жастарда” деп жар салғанымызбен айналып …

ОТАНДЫ СҮЮ — ЕҢ ҰЛЫ СЕЗІМ Read More »

ӘН ӘЛЕМІНІҢ БҰЛБҰЛЫ

Халқымыздың ән өнерінің алтын бастауында Сегіз сері, Нияз сері, Біржан сал, Ақан сері, Мәди, Естай, Үкілі Ыбы­рай, Мұхит сынды небір дүлдүлдердің тұратыны ақи­­қат. Олардың ізбасарлары жезтаңдай, күміс көмей ән­шілер: Жүсіпбек, Манарбек, Ғарифолла, Күләш, Жамал, Розалар. Биыл “Алыптар тобының” ішінен жарқырап шық­қан, аты аңызға айналған Қазақстан Республи­касы­ның Халық Қаһарманы, Қазақ КСР-і және КСРО халық әр­тісі Роза …

ӘН ӘЛЕМІНІҢ БҰЛБҰЛЫ Read More »

ҚАҒАЗ ШЫҒАРАТЫН КОМБИНАТ оны шикізатпен қамтамасыз етуге жергілікті кәсіпорындар қауқарлы ма?

1993 жылы өндірістік-сауда компаниясы ретінде құрылған “Радуга” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – Қазақстан нарығында жетекші орын алатын, ірі филиалдық желілері, инфрақұрылымы әлеуетті, көпбейінді фирмалардың бірі. Ол облыстағы халық тұтынатын тауарлардың бірегей өндірушісі және дистрибьюторы болып табылады. Азық-түлік өнімдерін, пластмассадан және металдан жасалған бұйымдарды, тұрмыстық химия, гигиена заттарын шығаруға маманданған. Өнім мен тауар ассортименті өте кең, жарты …

ҚАҒАЗ ШЫҒАРАТЫН КОМБИНАТ оны шикізатпен қамтамасыз етуге жергілікті кәсіпорындар қауқарлы ма? Read More »

ХАЛЫҚ ТҰРМЫСЫН ЖАҚСАРТУ — БАСЫМ БАҒЫТ

Барыс жылының алғашқы аптасы ел басына түскен ауыр сынақтармен басталды. Қаңтардағы қаралы күндердің мәнін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тайға таңба басқандай ашып берді. “Әр нәрсені өз атымен айтар болсақ, бұған дейін ҰҚШҰ саммитінде айтқанымдай, біздің елге қарсы террористік соғыс ашылды. Жау асқан қатыгездікпен кез келген қадамға баруға дайын екенін көрсетті. Олар тіпті халық арасында қорқыныш …

ХАЛЫҚ ТҰРМЫСЫН ЖАҚСАРТУ — БАСЫМ БАҒЫТ Read More »

Жастарға – айрықша қамқорлық

Табалдырықтан аттаған әр жылдан жақсылық тілейтін, ізгілік күтетін халықпыз ғой. Алайда қордаланған әлеуметтік проблемаларға орай ұйымдастырылған бейбіт митингілердің ақыры мұндай ауыр жағдайға ұласарын күтпеген едік. Мұның өзі еліміздің экономикасына ауыр салмақ түсірген қоғамдық-саяси өмірдің қиын сынағына айналды. Сарбаздардың жау оғынан ажал құшуы орны толмас қаза болды. Осындай қиын кезде бірліктің туын қолға алған Президент тығырықтан …

Жастарға – айрықша қамқорлық Read More »

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА ЖОЛ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің кеңейтілген отырысында жаңадан жасақталған Үкіметке нақты тапсырмалар жүктеді. Соңғы күндері елде болған қасіретті оқиғаға, бейбіт халықтың берекесін қашырған лаңкестердің арам пиғылдарына тоқтала отыра, бұдан кейін еліміздің ауызбіршілігімен, Тәуелсіздігін сақтап қалу жолында бар күш-жігерді сала жұмыс істейтіндерін атап өтті.

“ҚЫЗЫЛ” АЙМАҚТАМЫЗ

Үстіміздегі жылғы 15 қаңтардан бастап облыстың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енді. Коронавирус инфекциясының кең таралуына байланысты өңірдің кей мектептері қашықтан оқыту форматына көшірілді.

Петропавлда мемлекет меншігіне өткен «Қалыңдық үйі» күрделі жөндеуден өтеді

Петропавлдағы «Көпес Янгуразовтың үйі» немесе халық арасында «Қалыңдық үйі» аталып кеткен бірегей сәулет ескерткіші мемлекет меншігіне қайтарылып, енді құжаттары жөнге келісімен күрделі жөндеу жұмыстары басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайта тұрып қақың бар жүгіруге…

Біздің үйдің қасындағы шағын азық-түлік дүкенін айналшықтап жүретін осы бір жігітті жиі көремін. Байқаймын, өткен-кеткенге қол жайып, бірдеңе дәмететін секілді. Кейде алдыңды кес-кестеп өңмеңдегенде теріс айналып кете алмайсың. Бір жолы әмиянымдағы ұсақ тиындарды бергенім рас. Кейін қолына бір бөлке нан ұстаттым. Түрі солыңқы, киімі жұпыны келген оның жас-шамасы қырықтың бел ортасында.

“ОРАЛДЫҢ БАЯНЫ”

Дарынды әнші, ақын, сазгер, күйші, домбырашы Мұхит (Мұхамбеткерей) Мералыұлы Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданындағы Жақсыбай өзенінің маңында Ақбақай деген жерде 1841 жылы дүниеге келген. Әкесі Мералының тұрмыс жайы жақсы болған. Кезінде ел басқару ісіне де араласты. Мералы Мұхитты өзі сияқты ел басқарып, шаруашылықпен айналысады деп ойлаған. Бірақ Мұхит жастайынан шаруаға орашолақ болады. Керісінше, ән-күйге құмартып …

“ОРАЛДЫҢ БАЯНЫ” Read More »

Вакцина қалай сақталады?

Бүгінде өңір тұрғындары қауіпті індетке қарсы вакцина алуда. Қазір облыста “Спутник V” екпесінің І және ІІ компоненттері, отандық “QazVac”-тың 13 мың, “Vero Cell”-дің 63 мың до­засы бар. Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерге, сәбиі бар аналарға “Pfizer” вакцинасы егілуде. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне сұхбат берген облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Күсемісов айтты.

ЕҢБЕКТЕРІ ЕРЕН ЕДІ

Осыдан 40 жыл бұрынғы оқиға ұмы­тылар емес, әлі күнге дейін жадымда жаңғырып тұр. Облыстық партия ко­митеті суы тартылып қалған көлдерді қалпына келтіру жолдарын іздестіре келіп, Иман-Бұрлық суару-суландыру жүйесі құрылысын тездетіп бастау жөнінде шешім қабылдады. Суы те­ле­гей-теңіз Кіші және Үлкен Тораңғұл көлдері құрғақшылық, қуаңшылық жыл­дары тайызданып, бірқатар су ай­дындары батпаққа айналатын. Аш­тық кезінде мыңдаған солтүстікқазақ­стандық осы …

ЕҢБЕКТЕРІ ЕРЕН ЕДІ Read More »

ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫН КҮЗЕТУГЕ ДАЙЫН

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында қоғам тыныштығын күзетіп, тәртіпті сақтау жолында еңбек етіп жүрген полицейлерге қатысты біраз мәселеге тоқталды. Оның бірі – сала мамандарының жалақысын көтеру.

Абыройлы борыш

Бұрын кәмелет жасқа толған бозбала әскерге барғысы келетін. Және оны мәртебе көретін. Бүгінде жастар азаматтық борышын өтеуден қашқақтайтын болды. Әйтеуір, соқталдай-соқталдай жігіттеріміз әскерге барудан қашып, медициналық комиссиядан өтпеудің түрлі амалдарын қарастырады. Олардың әскерге бармағаны үшін де намыстанып жатқан ата-ана, туған-туыс жоқ.

Экономиканы әртараптандыру маңызды

Біздің еліміз қиын кезеңді бас­тан өткерді. Қаншама отбасы еңі­реп қалды, Әсем қала – Ал­матымыздың, өзге де шаһарла­ры­мыз­дың келбетіне нұқсан келді. Бейбітшілігімізден, елі­мізден, шыны керек, Тәуелсізді­гімізден айырылып қала жазда­дық. Мемлекет басшысының сын сағатта абдырамай, жағ­дай­ды уысынан шығармай дұ­рыс әрі батыл шешім қабыл­дауының арқасында қатерден аман қалдық. Ендігі міндетіміз – ел болып бірігіп, Президент қойған межеге жету. …

Экономиканы әртараптандыру маңызды Read More »