«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Вакцина қалай сақталады?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінде өңір тұрғындары қауіпті індетке қарсы вакцина алуда. Қазір облыста “Спутник V” екпесінің І және ІІ компоненттері, отандық “QazVac”-тың 13 мың, “Vero Cell”-дің 63 мың до­засы бар. Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерге, сәбиі бар аналарға “Pfizer” вакцинасы егілуде. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне сұхбат берген облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Күсемісов айтты.

– Әр вакцинаны сақтаудың өз ерекшелігі бар. Олардың барлығы жоғары сезімталдыққа ие. “QazVac” және “Vero Cell” вакци­налары +2, +8 градус температу­ра­да сақталады. Ал “Спутник V” екпесін -18 және одан төмен гра­дуста сақтау қажет. Аталмыш вак­цина түрін сақтау үшін арнайы то­ңазытқыш керек. Оны тасымал­дау үшін облыста термоконтей­нерлер белсенді қолданылуда. Ал “Pfizer” вакцинасы -60, -80 градус температурада жақсы сақта­ла­ды. Біздің облысқа олар “GPS”-пен жабдықталған арнайы тер­мобокста жеткізілді. Өңірімізде оны сақтайтын үш тоңазытқыш бар. Соның екеуі қазір жұмыс іс­теп тұр, – деді Құмар Тілебалды­ұлы.

Оның айтуынша, облыста вак­цинаның жарамсыз болуы немесе оны сақтауға қатысты келеңсіз жағдайлар орын алған жоқ. Аудандарға да вакцинаны жеткізуде барлық талаптар қатаң сақталады. Сұхбат барысында тұрғындар ревакцинациялау шарасына да белсенді қатысып жатқаны ай­тылды. Бүгінде облыста 39373 адам ревакцинациядан өтті.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp