«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 19.01.2022

ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ МОЛ АЗАМАТ

Заман өзгерді, қатыгездік бел алып тұр, адамдардың бойындағы жылылық, адамгершілік кейінге шегінген. Осындай кезде бір жылы жүзді, адамдарға үнемі ізетпен қарап, жанашырлық білдіріп тұратын жанды көрсең, көпке дейін оның бейнесін ұмыта алмай жүресің. Ұзақ жылдар бойы Есіл ауданының орталығы Явленка ауылында тұрып келе жатқан Төлеген Мұқашев ағамыз да сондай адам. Қашан көрсең де ол кісінің …

ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ МОЛ АЗАМАТ Read More »

Қалаға көшкіміз келмейді

Облыс орталығынан 120 шақырым жерде орналасқан Қызыләскер елді мекенінде 320 адам бар. Олардың үштен бірі – оқушылар. Бұрындары көпбалалы отбасылар некен-саяқ кездессе, қазір олардың саны артуда. Қай тұрғынмен сөйлессең де, ауылдан кеткісі жоқ.

Басқарудың бірыңғай жүйесі

Еліміздегі барлық пәтер иелері кооперативтері үстіміздегі жыл­ғы бірінші шілдеге дейін өз жұ­мыстарын тоқтатады. Олар­дың орындарына мүлік иелерінің бірлестігі құрылады.

ДАРА ДАРЫН ИЕСІ

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапхана­сында ақын, Ұлы Отан соғысының ардагері Жұмағали Саиннің туғанына 110 жыл толуына орай “Жалынды жырлар” атты көрме өтті.

Қауіптен қаймықпаған құтқарушылар

Петропавлдың құтқарушы­лары Әуезов көше­сі, 147 мекен­жайын­дағы 5 қабатты үйдің бірінде орын алған өртті сөн­діру кезінде 20 адам­ды қауіпсіз жерге шығарды.

АВТОБУСТАРДЫ ТЕКСЕРДІ

Мамлют аудандық поли­ция бас­қар­масының ма­ман­дары оқушы­ларды мек­тепке тасымалдайтын кө­лік құрал­да­рын тексеруде. Олар, әсі­ресе ша­ғын авто­бустар мен га­зель көлікте­рінің техника­лық жағдайы­на баса назар ау­дар­ды. Өйт­кені жыл­дың қай мау­сы­мы болма­сын сә­би­лерді тасымалдайтын көліктің ақаусыз болғаны маңызды. Сақыл­да­ған сары аяз, жал­тыр мұзда түрлі жол апа­тына түсіп қалудың ал­дын алу үшін жүр­гізуші, ең ал­ды­мен, кө­ліктің тежегіші мен дөңгелегін жиі …

АВТОБУСТАРДЫ ТЕКСЕРДІ Read More »

РАҚЫМШЫЛЫҚҚА ІЛІНДІ

Солтүстік Қазақстан облысы бойын­ша қылмыстық-атқару жүйесі де­партаментіне қарасты түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 260 адам рақымшылыққа ілінеді. Соның 89-ы түрмеден босатылса, 171-нің жа­засын өтеу мерзімі қысқар­ты­лады. Рақымшылыққа ілінгендер­дің қатарында 27 жастағы Анастасия Попова да бар.

ҮМІТ ШУАҒЫ

“Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар” демекші, әрбір отбасында баланың былдыры мен шат күлкісі естілгенге не жетсін. Ұрпақ өрбітуде ең бірінші ана денсаулығы маңызды орын алатыны айтпаса да түсінікті. Бірақ маман-дәрігерлер ұрпақты тоғыз ай көтеретін анамен қатар әке денсаулығының да мықты болуы қажеттігін айтады. Ресми мәліметтерге сүйенсек, бүгінде елімізде отбасылардың 16 пайызы …

ҮМІТ ШУАҒЫ Read More »

Үшем келді өмірге!

Тайыншалық Нұргүл Алпысова – көпбалалы ана. Өткен жылы Нұралхан, Асылхан, Мейірхан есімді үшемді дүниеге әкелді. Алты перзенттің ата-анасы атанған ерлі-зайыптылардың қуанышында шек жоқ.

КӘДЕСІЗ ҚЫЗ БОЛМАЙДЫ

Халқымыз үкілеп өсірген қызын жасаусыз ұзатпаған. Сондықтан болар қыз жасауына жауапкершілікпен қараған. “Алты жастан бастап жинасаң асады, жеті жастан бастап жинасаң жетеді” деген сөздің шығуы да бекер емес. Жасау дайындаудың астарында қызға деген көңіл, оның болашақ тағдырына деген көзқарас жатыр. Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған халқымыз бүгінде қыз жасауына қаншалықты мән береді? Осы мәселенің төңірегінде сауалнама жүргізген …

КӘДЕСІЗ ҚЫЗ БОЛМАЙДЫ Read More »

Әулеттің ұйытқысы

Ұлы Отан соғысындағы жеңіс елімізге оңай келмегені белгілі. Сол қиын-қыстау заманда майдан даласындағы жауынгерлермен бірге зұлмат жылдардың бар ауыртпашылығын көтерген, бейбіт заман орнатуға үлес қосқан тыл еңбеккерлерінің де еңбегі ерен. Тылдағы еңбек майданында шыныққандардың бірі – Шайза Елубаева.

Жастар тәрбиесіне — айрықша назар

М.Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан университеті жанындағы “Қазақстан халқы Ассамблеясы” ка­федрасы аза­мат­тық бірегейлікті қа­лыптас­тыру, этносаралық келісімді ны­ғайту бағытында сан-салалы жұ­мыстар атқарып келеді. Сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен, этно­мә­дени бірлестіктермен бір­лесе оты­рып, патриотизм идея­сы негізінде жас­тар арасында то­леранттылық пен барша этнос­тардың мәдени дәстүрін, тілін, салт-дәстүрлерін жандандыру шараларынан да шет қалған емес.

Кер сиыр мені қалай танымал етті?..

“Жоқтан бар пайда болмайды, бар нәрсе жоққа айналып кетпейді” деген қанатты сөзді қай даныш­панның айтқанын есімнен шығарып алыппын. Білетінім – бізге мектепте соны айдай ақиқат деп үйретті. “Сайт” деген сайтан, “ғаламтор” де­ген ғаламат қолданысқа енгелі, атал­ған афоризмнің ақиқаттығы айқын­дала түскендей. Бұлай деуіме себеп – жақында әңгімесымағым сан-сапалақ сайттардың бірінде жарық көрді.

Не істеу керек?

Хакім Абай 37-ші қара сөзінде: “Жамандықты кім көрмейді? Үмітін үзбектік – қайратсыздық. Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екені рас, жамандықта қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді?” – деп көрегендікпен айтылған даналықты пікіріне қайраттанасың әрі азаптанасың. Ел басына туған алапат қасірет отына күйінесің.

Тажалды екпе ғана тежейді

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында өңірдегі эпидемиологиялық ахуал мен тұрғындарды вакциналау барысы туралы айтылды.

ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ БӘСЕҢДЕМЕЙДІ

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен құрылыс, сәулет және қала құрылысы, энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармаларының біріккен алқа мәжілісі өтті.

“ТҰРҒЫНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МАҢЫЗДЫ”

2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасында жұмыспен қамтылған халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша нысаны ретінде міндетті әлеуметтік сақ­тан­дыру жүйесі енгізілді. Бүгінде аталмыш ұйым қандай жұмыстар атқаруда? Бұл туралы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының бас директоры Алмас Құрмановпен сұқбаттасқан болатынбыз.

Жауапкершілігі мол жасөспірімдер

Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде қазіргі уақытта кәмелетке толмаған 260 студент “COMIRNATY” вакцинасын алды. Күн сайын ата-аналармен және студенттермен вакциналау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Егде адамдар да алуда

Облыста 60 жастан асқан егде тұрғындарға коронавирусқа қарсы “Pfizer” екпесі қойыла бастады. Петропавлдағы 1-ші қалалық емхананың мамандары тұрғындарға телефон шалып, вакцина алуға шақыруда.

Инфекциялық стационарлардағы сырқат саны соңғы он күнде 10 пайызға артты

Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 143 жағдайы тіркелді. Қаңтар айынан бастап инфекциялық стационарларға бір тәулікте жатқызылатын сырқаттар саны 10 %-ға артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.