«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ТҰРҒЫНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МАҢЫЗДЫ”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасында жұмыспен қамтылған халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша нысаны ретінде міндетті әлеуметтік сақ­тан­дыру жүйесі енгізілді. Бүгінде аталмыш ұйым қандай жұмыстар атқаруда? Бұл туралы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының бас директоры Алмас Құрмановпен сұқбаттасқан болатынбыз.

– Алмас Мұхаметкәрімұлы, Тә­уелсіздік жылдарында Қазақстан халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік жүйесін құрды. Міндетті әлеуметтік сақтандырудың рөлі қандай?

– Ел дамуының әрбір кезеңіндегі әлеуметтік қамсыздандыру деңгейі оның экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерімен айқындалады. Мем­лекет халықтың әлеуметтік қорға­луына адамның туғанынан бастап өмі­рінің барлық кезеңдерінде кепілдік береді.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақ­стан әлеуметтік қамсыздандыру жүйе­сінің нарықтық экономика қағи­даттарына сәйкес келетін көп дең­гейлі моделін құрды. Базалық дең­гейде Қазақстан азаматтары еңбек етуіне қарамастан, әлеуметтік тәуе­кел­дер туындаған жағдайда мемле­кеттік бюджеттен әлеуметтік көмек ала алады.

Әлеуметтік қамсыздандырудың жаңа стандарттарына көшу халық­аралық тәжірибеге сәйкес 2005 жыл­ғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Рес­публикасында жұмыс істейтін халық­ты әлеуметтік тәуекелдер туында­ғанда әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейі ретінде міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілді.

Қазақстандағы міндетті әлеумет­тік сақтандыру жүйесінің қаржылық ресурстары жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер және жеке тұлғалар төлейтін әлеуметтік аударымдар есебінен қалыптасады. Ай сайынғы әлеуметтік аударымдарды жұмыс бе­рушілер өз қызметкерлеріне ең тө­менгі жалақының жеті еселенген мөл­шерінің шегіндегі табысынан төлейді. Бұл ретте әлеуметтік аударымдар міндетті зейнетақы жарналары сияқ­ты жұмыскердің жалақысынан ұстал­майды, жұмыс берушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар есебінен төленеді.

Әлеуметтiк қауiптер туындаған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) әлеуметтiк төлемді тек жұ­мыскер, ал қайтыс болған жағдайда оның асырауында болған отбасы мү­шелерi ғана алушы болып табылады. Осылайша әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде еңбекке қабілетті халық бюджеттен мемлекеттік әлеу­меттік жәрдемақылар және МӘСҚ-нан қосымша әлеуметтік төлемдер алады.

2005 жылдан 2021 жылдың қазан айын қосқанда шамамен 6 млн. адам 1,8 трлн. теңге сомасында МӘСҚ-нан әлеуметтік төлем алды. Осы сома­ның 86,3 пайызы – жүктілікке және бо­сануға, жаңа туған баланы (бала­лар­ды) асырап алуға, сондай-ақ баланы бір жасқа толғанға дейін күтуге бай­ланысты табысынан айырылған жағ­дайына, 6,6 пайызы – еңбекке қабі­леттіліктен айырылу жағдайына, 4,3 пайызы – асыраушысынан айырылу жағдайына және 2,7 пайызы – жұ­мы­сынан айырылу жағдайына байла­ныс­ты төленген әлеуметтік төлем­дер.

– Міндетті әлеуметтік сақтан­дыру жүйесі енгізілген 17 жыл ішінде қандай өзгерістер болды?

– 2005 жылдан бастап МӘСҚ-нан үш әлеуметтік тәуекел: еңбекке қа­білеттіліктен айырылу, асыраушысы­нан айырылу және жұмысынан айы­рылу жағдайлары бойынша әлеумет­тік төлемдер жүргізілуде. 2008 жыл­дан бастап жұмыс істейтін әйелдер­дің мүдделерін қорғау мақсатында жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, сондай-ақ бала бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларға әлеуметтік төлемдер енгізілді.

Жұмыс істейтін азаматтардың әлеу­меттік қамтамасыз етілуін және еңбекке деген ынтасын арттыру мақсатында міндетті әлеуметтік сақ­тандыру жүйесі жетілдірілуде. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек өтілі мен әлеуметтік төлемдер мөлшері арасындағы байланысты күшейтуді, сондай-ақ төлемдерді тағайындау кезінде қолданылатын әртүрлі коэф­фи­циенттердің ұлғаюын көздейтін “Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы” жаңа Заң енгізілді. Нәти­же­сінде МӘСҚ-нан төленетін әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері еңбек­ке қабілеттіліктен айырылу бойынша – 68 пайызға, асыраушысынан айырылу бойынша – 43 пайызға және жұмысынан айырылу бойынша – 88 пайызға өсті. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына байланысты бе­рі­летін әлеуметтік төлем адам еңбек­ке қабілеттілігін қалпына келтіргенге дейін немесе зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін жүзеге асырылады. Ал асыраушысынан айырылған жағ­дайда әлеуметтік төлем – асырауын­дағы балалары кәмелет жасына тол­ған­ға дейін немесе олар күндізгі бө­лімде оқитын болса 23 жасқа дейін төленеді.

Осы ұзақмерзімді әлеуметтік тө­лемдердің инфляциялық процес­тер­ге байланысты құнсызданбауын қам­тамасыз ету үшін олардың мөлшері МӘСҚ активтерінен жыл сайын ұл­ғайып отырады. 2022 жылдан бастап бұл ұзақмерзімді әлеуметтік төлем­дер 5 пайызға өседі.

– Міндетті әлеуметтік сақтан­дырудың ерекшелігі мен артық­шы­лығы қандай?

– Халыққа қолжетімді және ың­ғайлы мемлекеттік қызметтерді көр­сету – әлеуметтік қамсыздандырудың басты басымдығы. Егер бұрын әлеу­меттік тәуекелдер туындаған кезде тиісті әлеуметтік көмек алу үшін тұр­ғындар әртүрлі анықтамалар жинауға мәжбүр болса, цифрлық техно­логия­лардың арқасында бүгінде төлем­дер­ді “бір терезе” қағидаты негізінде жүзеге асыруға болады, яғни бір мем­лекеттік органға хабарласу арқылы әлеуметтік төлем алуға өтініш бере аласыз. Мысалы, медициналық-әлеу­меттік сараптама бөлімдерінде мүгедектік санатын белгілеу кезінде бюджет қаражаты есебінен мемле­кет­тік әлеуметтік жәрдемақы мен МӘСҚ-нан төленетін еңбекке қабілет­тіліктен айырылу жағдайына әлеу­мет­тік төлемге де өтініш беруге бо­лады.

Сондай-ақ егер адам жұмысынан айырылған болса, онда жұмыспен қамту орталығына немесе “Электрон­дық еңбек биржасына” жүгінген кезде ол жұмыссыз ретінде тіркеле алады және осы жерде жұмысынан айы­рылу жағдайына байланысты әлеу­меттік төлемді МӘСҚ-нан алу үшін құжаттарды ресімдейді.

Электрондық цифрлық қолтаңба­ңыз болса, 1 жасқа дейінгі баланы күту және жұмысынан айырылу бо­йынша әлеуметтік төлемдерді таға­йын­дау үшін үйден шықпай-ақ, “элек­трондық үкімет” веб-порталы (egov.kz) арқылы өтініш бере аласыз. Сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері айтарлықтай қысқартылды.

Қазіргі уақытта МӘСҚ-нан әлеу­меттік төлемдер тағайындау қызмет­тері ұялы байланыстың абоненттік құ­рылғысы арқылы SMS хабарламаны растау бойынша проактивті нысанда да көрсетіледі. Қазақстандағы мін­дет­ті әлеуметтік сақтандыру жұмыс­пен қамтылған халықты қосымша әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық қа­ты­настардың ең маңызды және қа­жетті элементіне айналды.

Сұхбаттасқан

Гүл БАҚЫТ. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp