«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қауіптен қаймықпаған құтқарушылар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдың құтқарушы­лары Әуезов көше­сі, 147 мекен­жайын­дағы 5 қабатты үйдің бірінде орын алған өртті сөн­діру кезінде 20 адам­ды қауіпсіз жерге шығарды.

Оқиға орнына жедел жеткен құт­қарушылар қою түтін арасы­нан 6 адамды, оның ішінде 4 жа­сар ба­ланы құтқарды. Олардың арасында 86 жастағы қария да болды.

“Сәл кешіккенде “тілсіз жау” бас­қа пәтерлерге де залал келті­рер еді”, – дейді №1 маманданды­рыл­ған өрт сөндіру бөлімінің қа­рауыл бастығы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Ринат Қайырде­нов.

Өрттің шығуына мемориалдық шам себеп болғанға ұқсайды. Ас үйде тамақ қамдап жүрген үй иесі оны қараусыз қалдырып кеткен. Өрт сөндіру бөлімінің қыз­меткер­лері Бах­тияр Сибанбаев пен Әділ Құ­сайынов жедел әрекет етіп, пә­тер иесін дін аман алып шыққан. Қарияға өрт сөндіру қызметінің ма­маны Евгения Тре­филова психо­логиялық көмек көрсетті.

Амангелді ӘУЕСХАНОВ,

облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp