«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Үшем келді өмірге!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тайыншалық Нұргүл Алпысова – көпбалалы ана. Өткен жылы Нұралхан, Асылхан, Мейірхан есімді үшемді дүниеге әкелді. Алты перзенттің ата-анасы атанған ерлі-зайыптылардың қуанышында шек жоқ.

– Мен өткен жылдың қыркүйек айын­да босандым. Үшемнің сал­мағы 1 келідей ғана болды. Сон­дық­тан жа­ңа жылға дейін біз ауруханада дәрі­герлердің бақылауында болдық. Сә­билерімнің салмағы 3 килограмға толған соң ғана ақ халаттылар ауру­ханадан шығарды. Қазір жағдайы­мыз жақсы. Сондықтан жұртшы­лық­пен қуанышымызды бөлісуге мүм­кіндік енді туды, – дейді Нұргүл Бер­кімбай­қызы.

Бүгінде нәзікжанға жүргізуші бо­лып жұмыс істейтін жұбайы қолдау көрсетуде. Өйткені үшемнің жағда­йын жасау оңай шаруа емес. Үкімет­тен ай сайын әр балаға 30 мың тең­ге­ден жөргекпұл алады.

Біздің облысымыз үшін үшемнің дүниеге келуі елеулі оқиға. Сон­дық­тан көпбалалы отбасылардың қата­ры артып, еліміздің демографиялық ахуалына үлес қосып отырған Нұр­гүл Алпысовадай алтын құрсақ ана­ларға жұртшылық дән риза.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp