«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Басқарудың бірыңғай жүйесі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Еліміздегі барлық пәтер иелері кооперативтері үстіміздегі жыл­ғы бірінші шілдеге дейін өз жұ­мыстарын тоқтатады. Олар­дың орындарына мүлік иелерінің бірлестігі құрылады.

Петропавлда 80-нен астам үй осы жаңашылдықты құп көріп отыр. Надеж­да Пугачева – көпқабатты тұрғын үйдің тірлігіне тікелей жауапты. Соңғы бірне­ше жыл пәтер иелері кооперативін бас­қарған. Қазір мүлік иелері бірлестігінің төрайымы қызметіне тағайындалып, құжаттарын рәсімдеп жатыр. Жергілікті жұрт оны бірауыздан сайлап алыпты. Басты міндеті – ай сайын жиналатын қаржыны тиімді жұмсау.

– ПИК болған кезде штатымызда бірнеше адам болған. Ал жаңа ұйым бо­йынша біз оларды жалдауымыз керек. Яғни қызмет көрсету органдарымен ке­лісімшартқа отырамыз. Бұл жерде, ең бастысы, тұрғындар тарапынан ба­рынша қолдау болса деймін. Егер ха­лық бір адамдай барлық іс шараларға қатысса, тиісті шешімдер қабылдана­ды деген ойдамын, – деді Надежда Пугачёва.

Жаңа жүйенің тиімділігін жұрт түсіне бастады. Өйткені бұрын пәтер иелері коо­перативі бірнеше үйге қызмет көр­сететін. Яғни аударылған ақшаның қай­да кетіп жатқанынан халық бейхабар еді. Ал қазір “Бір үй – бір бірлестік – бір есепшот” қағидасы қалыптасқан. Қала­лық ПИК қауымдастығының төрағасы Сергей Худяковтың айтуынша, ең бас­тысы, тұрғындар есеп-қисапты көріп отырады. Яғни бірлестік басшысы ай сайын қандай жұмыс атқарылғаны жайында есеп береді. Бұл өз кезегінде тұрғын үй қорын жақсартуға бағытта­лып отыр.

Бүгінгі күні Петропавлда 1106 көпқа­бат­ты тұрғын үй бар. Олардың 447-де мүлдем басқару жүйесі жоқ.

– Биылғы жылдың бірінші шілдесіне дейін ПИК жаңа формаға ауыспайтын болса, онда іс сотқа беру арқылы жүр­гізіледі. Егер де жаңадан тағайындал­ған төраға аула бойынша жұмыстарын уақтылы орындамайтын болса, онда тұр­ғындар жиналыс өткізіп, оны орны­нан босатуға құқылы, – деді қалалық ТҮШ бөлімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтолла.

Самат ҚАЙЫРДЕНҰЛЫ. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp