«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өңірде COVID-19-ға қарсы дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысындағы инфекциялық стационарларда коронавирустан емдеуге қажет дәрі-дәрмектің қоры жеткілікті. Жансақтау бөлімшелері 100 % медициналық оттегімен қамтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, облыстағы 17 инфекциялық стационар коронавирустан емдеуге қажет препараттармен екі айға қамтылған. 2022 жылға да бірыңғай дистрибьютормен дәрі-дәрмекті жеткізуге келісім жасалды.

Реанимациялық бөлімшелерді оттегімен қамтамасыз ететін 388 оттегі концентраторы, 775 оттегі баллоны бар. Яғни, ауыр халдегі науқастар 100 % медициналық оттегімен қамтылған. Сондай-ақ 5 медициналық ұйымда 602 орынға орталықтандырылған оттегі беру қарастырылған.

Қазіргі уақытта облыстық инфекциялық стационарларда коронавируспен күреске 131 дәрігер, 337 орта медициналық қызметкер және 305 кіші медициналық қызметкер жұмылдырылған. Медицина қызметкерлері үшін «Омикрон – өзекті ақпарат», «Covid-19 – коронавирустық инфекция, балалар мен жүкті әйелдерді диагностикалау және емдеу хаттамасы» тақырыбына апта сайын онлайн-семинар өткізіліп келеді.

Ал 14 қаңтардан бастап облыста коронавирус бойынша штаб жұмысын бастады. Штабтың міндеті – КВИ-мен күреске жұмылдырылған мобильді бригадалардың, ахуалдық орталықтар мен стационарлардың жұмысын үйлестіру.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp