«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Егде адамдар да алуда

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста 60 жастан асқан егде тұрғындарға коронавирусқа қарсы “Pfizer” екпесі қойыла бастады. Петропавлдағы 1-ші қалалық емхананың мамандары тұрғындарға телефон шалып, вакцина алуға шақыруда.

Бүгінге дейін емдеу мекемесінің қызметкерлері коронавирус инфекциясына қарсы 3196 адамға вакцина салған. Мамандардың айтуынша, жақында анықталған “омикрон” штамы адам өміріне өзге вирустардан әлдеқайда көп қауіп төндіреді.

– Қазіргі таңда “омикрон” Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында анықталды. Ол басқа вирустармен салыстырғанда әлдеқайда қауіпті, өйткені тез тарайды. Адам оны жұқтырса тамағы ауырып, қатты жөтеледі. Сол себепті тұрғындар қоғамдық орындарда сақтық шараларын ұстанып, бетперде киіп жүрулері тиіс. Ең алдымен, емханаға барып, дертке қарсы екпе алулары қажет, – деді №1 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Әлия Жанбутина.

Майгүл СЕЙІЛБЕК. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp