«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қаңтар 21, 2022

Өңір әкімі «Копай» ауданының қашан сүрілетінін айтты

Петропавлдағы «Копай» ықшамауданындағы ескі жеке үйлер сүріліп, орнына жаңа көпқабатты тұрғын үйлер салынбақ. Өңір басшысы Құмар Ақсақалов көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап беріп, жұмыстардың қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ісмердің ізденістері

Жеңіс көшесіндегі үйдің сыртындағы “Тігін цехы” деген жазу сол маңнан арлы-берлі өткенде жиі көзге ұшырайтын. Сырты оюмен көмкерілген қоңыр үйде оңтүстік өңірден қоныс аударған отбасы тұратынын кейін білдік. Қала орталығында ондай тігін тігумен айналысатын адам жоқ-ау шамасы. Болған күнде де ұлттық киім тікпейтіні анық.

ТҰТЫНУШЫ ҚҰҚЫҒЫ ТАЛАПҚА САЙ ҚОРҒАЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің негізі” атты халыққа арнаған Жолда­уында басты стратегиялық мақсаты­мыз Орталық Азиядағы көшбасшы­лық рөлімізді күшейту, сонымен қатар әлемдік экономикадағы орнымызды нығайту екені айқындалды.

Уақыт жүгі салмақты

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясында этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысқан алқалы жиын өтіп, алда атқарылатын міндеттер айқындалды.

Түпкі нәтиже — сапа көрсеткіші

Кез келген әлеуметтік процесс ту­ралы шындыққа негізделген сенімді де жедел мәліметтер алуға бағыт­тал­ған рәсімдеу жүйесі мемлекеттік қызмет көрсету саласында да қалып­тасқан. Түрлі қызмет берушілер мен ұсыну­шы­лардың жұмысы сан-саланы қам­титындықтан, әлеуметтік са­уалнама, басқаша айтқанда, қо­ғам­дық монито­ринг шеңберінде мем­лекеттік қызмет­тер алудың же­ңіл­діктері мен артық­шы­лықтары көп. Былтыр 40 қызмет түрін көрсету сапасы бойынша қоғам­дық мони­торинг жүргізіліп, 3 мыңнан …

Түпкі нәтиже — сапа көрсеткіші Read More »

Сырымбетте мектебім

“Сырымбет” дегенде қазақтың асыл перзенті Ақан серінің: Ауылым қонған Сырымбет саласына, Ғашық болдым ақ сұңқар баласына. Бидайыққа лайық қарағым-ай, Бөктергіге қор болып барасың ба… – деп шырқаған әні еріксіз еске түседі.

“Жезкиік, сені аңсаған кездерімде…”

– Менің қайыненем – Жамал Ақбұзауова Петропавл педагогикалық училищесін бітіргеннен кейін көп жыл мұғалім болып жұмыс істеді. Қарағандыдағы институттың математика факультетіне сырттай түскенімен, оқуын жалғастыра алмады. Үріп ауызға салғандай сұлулығына, биязы мінезіне қоса жезтаңдай әнші еді. Жолдасым Амантай үйдің кенжесі болғандықтан, оң босағаны келін болып аттағаннан бастап жиырма жыл бірге тұрдық. Ақтық сапарға өз қолымызбен …

“Жезкиік, сені аңсаған кездерімде…” Read More »

Жақынымызға жанашыр болайық!

Өзіміз куә болып отырғандай қазір қауіпті індет қайта белең алды. Туған-туыстарымыз бен таныстарымыз коронавирус дертіне шалдығуда. Сондықтан бұл ауруға атүсті қарауға болмайды.

Қолдау тапқан өзгерістер

Жетінші шақырылған Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс он үшінші сессиясы өтті. Пленарлық отырыстың күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды.

ӘКЕ ЖОЛЫН ЖАЛҒАҒАН

Туған жерді аялауды, сүюді үйретіп, онда туған қарапайым адамдардың еңбегін бағалап, мақтан тұтуға тәрбиелеп отырған, ұлттық дәстүр, әдеби-мәдени құндылықтарды насихаттап келе жатқан Қызылжар ауданына қарасты Соколовка елді мекеніндегі тарихи-өлкетану музейінің құрылғанына бүгін 50 жыл толды.

АҚЫСЫЗ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Соңғы күндері елімізде корона­вирустық инфекция жұқтыру көрсет­кіші өсті. Егер суық тию, тұмау немесе пневмонияның белгілері байқалса, онда ПТР әдісімен коронавирусқа тест тапсыруға болады. Ол үшін емхананың сүзгі-кабинетіне жүгіну қажет. Ауруды басқаларға жұқтыру қаупін тудырмау үшін емхананың тіркеу немесе анықтама бөліміне қоңырау шалып, үйге мобильді топ мамандарын шақыруға болады. Бұл жағдайда зерттеу тегін медициналық көмектің кепілдік …

АҚЫСЫЗ ЖҮРГІЗІЛЕДІ Read More »

Рүстемнің ерлігі

Айыртау ауданының Саумал­көл ауылында оқыс оқиға орын алды. Полицей Рүстем Кәрімнің от­басы түннің бір уағында тыста­ғы шудан оянып кетеді. Терезе­ден үйлерінің жанып жатқанын кө­реді. Құжаттары мен бағалы зат­та­рын тез жинап, Рүстем, зайыбы мен екі жасар қызы пәтерден жүгі­ріп шығады. Өртке оранып жат­қан үйдің екінші жартысында зей­неткер әжейдің тұрып жатқанын білетін офицер оған көмек көрсе­туге асығады. …

Рүстемнің ерлігі Read More »

Құдық қазып берді

Мамлют ауданында тұратын Әлімбековтер отбасына демеуші­лер құдық қазып берді. Бұл отба­сы өткен жылы жазда “Еңбек” бағ­дарламасы аясында Түркістан об­лысынан теріскейге қоныс аудар­ған болатын. Олар келе сала жы­лыжай тұрғызып, көкөніс өсіруді қолға алған. Бірақ суды бір ша­қырым қашықтықтағы ұңғымадан тасуға мәжбүр болыпты.

Автотұрақтан – сатылымға

Облыс аумағында бір ғана мамандандырылған айыппұл тұрағы бар, ол Петропавл қаласында орналасқан. Сыйымдылығы 350 көлікке арналған, бүгінде онда 344 көлік қойылған.