«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Түпкі нәтиже — сапа көрсеткіші

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кез келген әлеуметтік процесс ту­ралы шындыққа негізделген сенімді де жедел мәліметтер алуға бағыт­тал­ған рәсімдеу жүйесі мемлекеттік қызмет көрсету саласында да қалып­тасқан. Түрлі қызмет берушілер мен ұсыну­шы­лардың жұмысы сан-саланы қам­титындықтан, әлеуметтік са­уалнама, басқаша айтқанда, қо­ғам­дық монито­ринг шеңберінде мем­лекеттік қызмет­тер алудың же­ңіл­діктері мен артық­шы­лықтары көп. Былтыр 40 қызмет түрін көрсету сапасы бойынша қоғам­дық мони­торинг жүргізіліп, 3 мыңнан астам адам сауалдарға жауап берді. Облыстық ішкі саясат басқармасы­ның мемлекеттік әлеуметтік тапсы­рысы шеңберінде бірқатар зерттеулер ұйым­дастырылды. Үкіметтік емес ұйым­дар­дың, денсаулық сақтау мекеме­лерінің интернет-ресурстары зертте­ліп, ақпа­раттық жүйелердің жетіс­пейтіні анық­талды. Мазмұнды сұх­баттар және фокус-топтық зерт­теу­лерге назар ау­дарылды, халыққа сапасыз қызмет көр­сету себептері, оларды жою бо­йынша шаралар топтамасы әзірленді. Қызмет алу­шылардың порталдардағы мемле­кеттік қызмет туралы ақпаратты іздеудің, жүктеудің, қызметке online ақы төлеудің күрделілігіне шағымда­натыны белгілі болды.

Зерттеулер қорытындыларына сәй­кес, жұртшылықты тұрғылықты жері бойынша тіркеу, архивтік анық­тамаларды, олардың құжаттық көшір­мелерін беру сияқты мемлекеттік қыз­мет көрсету көрсеткіштері жақсы ба­ғаланса, жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу бойынша сату, сауда-саттықтарды (аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаске­лерінен құқықтарды алу, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұ­рақты тұру үшін азаматтарға анықта­малар беру сияқты мемлекеттік көр­сетілетін қызметтер рейтингі төменгі санатқа жатқызылды. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңна­маны бұзудың 79,6 пайызы сәулет және жер қатынастары салаларына тиесілі. Мемлекеттік қызметтердің он түрі бойынша қызмет көрсету сапа­сы­ның төмендегені байқалды. Ал қызмет көр­сету сапасы бойынша “Азамат­тарға арналған үкімет” мем­лекеттік корпорациясы” КЕАҚ фи­лиалы 1 орынды, орталық мемле­кеттік ұйымдардың аумақтық бөлім­шелері 2 орынды, жергілікті атқару­шы органдар 3 орынды иеленді. Бұл салада Қызылжар, Мағжан Жұма­баев, Жамбыл, Есіл аудандарында жақсы тәжірибе қалыптасса, Тайын­ша, Тимирязев аудандары мен Пет­ропавл қаласына сын аз айтыл­майды. Қоғамдық мониторинг дерек­теріне сүйенсек, “Туған жер” ҮЕҰ” қоғамдық бірлестігінің мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін жетіл­діру бойынша бірқатар ұсынымдар әзірлегені құптарлық. Азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейі 90 пайызға жуық.

Адамдар көбіне халыққа қызмет көрсету бөлімдеріне жүгінетіндіктен, көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасы әлі де ширата түсуді қажет етеді. Орын алған олқылықтар қызмет көрсетушілердің қатысуымен ве­домствоаралық жұмыс тобының оты­р­ысында талқыланып, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан оғаш қылықтарға жол бермеу, кабинет­тердің, ақпараттық стендтердің та­лапқа сай болуы атап көрсетілді. Мем­лекеттік қызметтердің сапасын жақ­сартуға, мүмкіндіктері шектеулі адам­дар үшін жағдай жасауға, маман­дардың кәсіби құзыретін арттыруға қатысты пайдалы ұсыныстар ай­тылды. Департамент бастамасымен Жамбыл, Қызылжар, Мамлют, Та­йын­ша, Мағжан Жұмабаев аудандарында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс­тардың атқарылу жайына қоғамдық мо­ниторинг жүргізіліп, қызмет көрсе­тудің сапалық деңгейі анықталды.

Сервистік мемлекет құру – басты талаптардың бірі. Алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет түрлерін жетіл­діруде қоғамдық мониторинг нәти­желері жете ескеріліп отырады.

Гүлнәр ЖУСАЛИНА,

облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp