«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Уақыт жүгі салмақты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясында этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысқан алқалы жиын өтіп, алда атқарылатын міндеттер айқындалды.

Облыстық ішкі саясат басқар­масы басшысының орынбасары, жергілікті ассамблеяның хатшылық меңге­ру­шісі Жангүл Жолмұқа­нова­ның пікі­рінше, жаңғыртудың, страте­гиялық маңызды реформалар мен қай­та құрулардың қағидаттарын Пре­зидент Парламент Мәжілісінде сөй­ле­ген сөзінде нақты белгілеп берді. Мемле­кет басшысы атап өткендей, халқы­мыз үшін Тәуелсіздік бәрінен қымбат, ең бастысы, береке-бірлікті, тыныш­тық пен тұрақтылықты баға­лап, сақ­тай білуіміз керек. Енді Қа­зақ­станда дамудың жаңа кезеңі бас­талады. Бұл шынайы жаңару кезеңі болады. Сон­дықтан ортақ идея төңі­регінде топ­тасу айрықша маңызды. Жаңа Қазақ­станды қалыптастыру мен дамытуда Қазақстан халқы Ассамблеясына зор жауапкершілік жүктеліп отыр.

“Қазақстан халқы Ассамблеясы құрамына кіретін этномәдени бір­лестіктер мемлекеттік саясатты түсін­діруге және іске асыруға үлкен үлес қосып келеді. Қоғамдық маңызы бар оқиғалар мен іс-шаралардан шет қал­ған емес. Этносаралық толерант­ты­лық пен әлеуметтік келісімнің қа­зақ­­стандық үлгісін нығайту бағытын­да алдағы уақытта үйлесімді жұмыс атқара берері сөзсіз. Ассамблеяның басты міндеттері – бір шаңырақ ас­тында өмір сүретін этностардың дос­тығын қорғау және нығайту, әр аза­­маттың өз елінің шынайы пат­риоты болуына ықпал ету. Патрио­тизм біз­дің күнделікті іс-әрекет­терімізден, мінез-құлқымыздан, Отан мен аза­маттардың игілігі жолындағы істері­мізден, адал еңбегіміз бен бастама­ларымыздан көрініс табуы тиіс”, – деген Жангүл Жолмұқанова алдағы уақытта ақпараттық-түсіндіру, әлеу­ме­ттік және қайырымдылық іс-шараларына үлкен маңыз берілетінін атап өтті.

Ассамблея қызметін жаңғырту мақ­сатында Достық үйлері мен “Қо­ғам­дық келісім” мекемелері “сервис­тік модель” аясында ресурстық орта­лық­тар мен жобалық кеңселер жұ­мыс­тарына белсене атсалысатын бо­ла­ды. Арнайы бағдарламалар ая­сын­да барлық құрылымдар қызметі жан­дан­дырылады. Жеке бағыттар бойынша да бастамаларға кең қол­дау көрсе­тіледі. Базалық, жаңа әлеу­меттік жо­балардың сапалық маз­мұны жетілді­ріліп, түйінді мәселе­лер­ге баса назар аударылады.

“Ассамблея төрт жоба әзірлеп отыр. Оның аясында мемлекет пен қоғам арасында сындарлы өзара қарым-қатынас құру мәселесі өткір тұр. Сондықтан этностар өкілдері­мен, әсіресе жастармен, әрбір елді мекеннің тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізу белгіленген. Тағы бір маңызды бағыт “Жаңғыру жолы” базасында жастар және еріктілер қозғалысы дамытылады. Қазір өңір­де “Ассамблея жастары” филиал­дарын ұйымдастыру жұмыстары жүр­гізіліп жатыр. Жастар – ел болаша­ғының тірегі екенін естен шығар­мауымыз керек”, – деді Жангүл Серікқызы.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp