«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Құдық қазып берді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мамлют ауданында тұратын Әлімбековтер отбасына демеуші­лер құдық қазып берді. Бұл отба­сы өткен жылы жазда “Еңбек” бағ­дарламасы аясында Түркістан об­лысынан теріскейге қоныс аудар­ған болатын. Олар келе сала жы­лыжай тұрғызып, көкөніс өсіруді қолға алған. Бірақ суды бір ша­қырым қашықтықтағы ұңғымадан тасуға мәжбүр болыпты.

– Былтыр жаз ортасында кел­гендіктен тез өнім беретін қияр ек­тік. Биыл көкөністің бірнеше түрін отырғызуға ниеттеміз. Ол үшін, ең бастысы, су керек. Осы бұйым­таймен Мамлютка қаласының әкі­мі Еркін Самарханұлына жүгінген едік. Ол өтінішімізді жерге таста­май, іле демеуші тауып, арнайы құ­дық қазумен айналысатын бри­гадамен сөйлесіп, мәселемізді ше­шіп берді. Су – тіршіліктің көзі ғой, енді ойға алған жұмысы­мызбен алаңсыз айналысатын болдық, – дейді Мырзабек Әлімбеков.

Бектұрған ЛАҚАДЫЛ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp