«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚЫСЫЗ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Соңғы күндері елімізде корона­вирустық инфекция жұқтыру көрсет­кіші өсті. Егер суық тию, тұмау немесе пневмонияның белгілері байқалса, онда ПТР әдісімен коронавирусқа тест тапсыруға болады. Ол үшін емхананың сүзгі-кабинетіне жүгіну қажет. Ауруды басқаларға жұқтыру қаупін тудырмау үшін емхананың тіркеу немесе анықтама бөліміне қоңырау шалып, үйге мобильді топ мамандарын шақыруға болады. Бұл жағдайда зерттеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ақысыз жүргізіледі. Сон­дай-ақ ПТР әдісі арқылы тестілеуден коронавирус анықталған науқастар­мен байланыста болған адамдар да өте алады.

Шетелге шығуға мүмкіндік алу үшін ПТР-тестке жұмсалатын қаржы аза­маттың өз есебінен төленеді. Жалпы ПТР-тест медициналық көрсеткіштер бойынша фильтр кабинетіне жүгін­ген­де, ЖРВИ және вирустық пнев­мония белгілері болған кезде, коро­на­вирустық инфекцияға күдікті нау­қас үшін мобильді топты үйге шақыр­ғанда, стационарға шұғыл емдеуге, жоспарлы емдеуге жатқызуға немесе ауруханаға дейінгі тексеруге жіберу кезінде, жүкті әйелдерге 37 аптадан бастап босануға жатқызу үшін гемо­диализдегі науқастарға тегін жүргі­зіледі.

Науқастар айналасындағыларға қауіп төндірмеуі үшін, сондай-ақ үйде қажетті медициналық көмек алуы үшін әрбір МСАК ұйымының жанынан “COVID-19”-ға шалдыққан науқас­тарды амбулаторлық бақылау бо­йын­ша мобильді бригадалар құрыл­ды. Олар өз аумағындағы тұрғын­дар­ға қызмет көрсетеді. Жұмыс уақыты – 8.00-ден 20.00-ге дейін. Егер науқас тіркелген жері бойынша емхана аумағында тұрмайтын болса, онда 103 телефон номіріне қоңырау ша­луы керек. 20.00-ден кейінгі қоңы­рауларға “Жедел жәрдем” қызмет көр­сетеді. Егер өкпеде қабыну үрдісінің дамуына күдік болса, компьютерлік томография немесе кеуде қуысының рентгенографиясы жасалады. Диаг­нос­тиканың бұл түрлері науқасқа те­гін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тәуліктік стационарға емдеуге жатқызу кезінде тегін жүргізіледі. Сондықтан пнев­мо­ния белгілері бар сақтандырылмаған науқастарға да көмек көрсетіледі. Ауруханаға жатқызу денсаулық жағ­дайы үйде емделуге мүмкіндік бер­мейтін науқастарға сатурацияның тө­мен деңгейімен, ентігудің жоғарыла­уымен және өздігінен дем ала алма­уы­мен, өкпенің зақымдануының жоға­ры деңгейімен байланысты жүргі­зі­леді. Сатурацияның бірдей төменде­уі­мен екі науқаста ауруханаға жатқы­зудың әртүрлі көрсеткіштері болуы мүмкін екенін ескерген жөн. Сон­дықтан емдеуге жатқызу үшін ПТР-дің оң нәтижесі жеткіліксіз.

Үйде, оның ішінде учаскелік дә­рігердің бақылауымен емдеу нәти­желері бойынша белгілі бір уақыттан кейін науқасқа динамикалық жағ­дайды тексеру үшін КТ-дан өту қайта тағайындалуы мүмкін.

Тәулік бойғы стационарға емдеуге жатқызу кезінде әр адам емдеу хаттамасына сәйкес қажетті дәрі-дәр­мектерді алады. Бұл жағдайда науқас емдеуші дәрігерден нұсқама алады. Соның негізінде оған емхана дәріха­насында дәрі беріледі. “COVID-19” ағымының жеңіл және орташа ауыр­лық дәрежесінде (ЖРВИ белгілері) па­рацетамол, ибупрофен ұсынылады. Егер пневмония, тромбоэмболия қау­пі орын алса, амбулаторлық дең­гейде дабигатран капсулалары мен ривароксабан, апиксабан, пара­це­тамол және ибупрофен беріледі. Тек­серуден және емдеуден кейін кейбір жағдайларда ағзаның қалпына келуі­не көмектесу керек. Әсіресе науқаста созылмалы аурулар болса, ентігу, әлсіздік байқалады.

МӘМС жүйесін іске асырудың оң нәтижесі ретінде оңалтудан өтуге бо­латынын айтқан жөн. Ол үшін емхана­дағы дәрігерге бару керек. Реаби­литолог дәрігердің немесе мульти­дисциплинарлық топтың (МДТ) кеңе­сіне жолдама береді. Реабилитолог немесе MТД науқастың жағдайын бағалайды және қалпына келтіру шараларының қажетті курсын таң­дайды. Оңалту шаралары тыныс алу­ды қалыпқа келтіруге, асқынуларды азайтуға, өмір сүру сапасын жақсар­туға және мазасыздық пен депрессия белгілерін жеңілдетуге бағытталған. Функционалдық бұзылу деңгейіне байланысты медициналық оңалту стационарлық, сондай-ақ амбу­ла­торлық жағдайларда да жүргізілуі мүмкін.

Қарлығаш ІЛИЯСОВА,

әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының бөлім басшысы. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp