«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Рүстемнің ерлігі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айыртау ауданының Саумал­көл ауылында оқыс оқиға орын алды. Полицей Рүстем Кәрімнің от­басы түннің бір уағында тыста­ғы шудан оянып кетеді. Терезе­ден үйлерінің жанып жатқанын кө­реді. Құжаттары мен бағалы зат­та­рын тез жинап, Рүстем, зайыбы мен екі жасар қызы пәтерден жүгі­ріп шығады. Өртке оранып жат­қан үйдің екінші жартысында зей­неткер әжейдің тұрып жатқанын білетін офицер оған көмек көрсе­туге асығады. Кіреберіс есік өртке оранғандықтан терезені сынды­рып кірген ол қою түтіннің ішінен үй иесін тауып алады. Әжей өз бетімен қозғала алмаған. “Мен жал­ғыз тұрамын, ол уақытта ұйық­тап жатқанмын. Рүстем мені жалындап жатқан үйден қауіпсіз жерге алып шықты”, – деген Ва­лентина Васильевна облыстық полиция департаментінің басшы­лығына жазған хатында.

Жедел жеткен өрт сөндіру­ші­лер жалынды ауыздықтаған, алай­да үйдің шатырын аман алып қалу мүмкін болмаған. Қазір зейнеткер осы ауылдағы ұлының үйінде тұрып жатыр.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp