«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

АРЖАНИКОВ ОЛИМПИАДАҒА БАРАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бейжіңде өтетін Олимпиада ойындарына конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының атынан 5 спортшы қатысады. Арасында сол­түстік­қазақстандық Иван Аржаников та бар. 27 жастағы спортшы 500 және 1000 метр қа­шықтықта сынға түспек.

Жерлесіміз – конькимен жүгіру спор­тынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ел чем­пионатында жүлдегерлер қатарынан кө­рінген. “Қытай елінде пандемияға байланысты тексерістер қатаң. Оның үстіне елімізде де ко­ро­навирустың өршуіне байланысты жабық ке­шенде дайындалып жатырмыз. Екі апта бойы ешқайда шыққан жоқпыз. Жеңіске деген ұм­тылыс жоғары. Өзіме жүктелген үмітті ақ­тау­ға бар күшімді саламын”, – дейді Иван Ар­жа­ни­ков.

Бүкіл әлем көз тігетін дүбірлі дода 4 ақпанда бас­талады. Конькимен жүгірушілер сол айдың 12-ші және 18-ші күндері өнер көрсетеді.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp