«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Есірткі таратумен айналысқан

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір полицейлері “жасыру” әдісімен психо­троп­тық заттарды сақтау және тарату ісі бойынша күдікті – Петропавл қаласының тұрғынына қатысты тергеу материал­да­рын сотқа жолдады.

Былтырғы жылдың шілдесінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері син­тетикалық есірткі таратумен айналысқан Петропавл қаласының 24 жастағы тұрғынын ұстаған болатын. Жас жігіттен кәдімгі ас тұзына ұқсас зат салынған 23 полимер орамасы анықталды.

Құрықталған күдікті сонымен қатар дәл осындай заттардың жасырылған 22 орнын көрсетті. Тәркі­ленген психотроптық зат­тардың жалпы салмағы 31,32 грамды құрады. Бұл аса ірі мөлшер болып са­налады.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp