«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАҢСЫЗ ҚАРУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы бары­сын­да облыс полицейлері заңсыз сақталған бес қаруды тәркіледі. Тіркелмеген тегіс ұңғылы қарулар Мағжан Жұмабаев ауданының екі тұрғынынан алынды. Ауылдық­тарға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 482-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған бап жеке тұлғалар үшін 60 мың теңге мөлшеріндегі айыппұл салу жазасын қарастырады.

Дәл осындай әкімшілік ықпал ету шаралары Қызылжар ауданы­ның тұрғынына қатысты да қа­былданды. Ауылдықтан тіркел­ме­ген аңшы мылтығы тәркіленді. Оның айтуынша, мылтықты жаз­дыгүні көл жағасынан тауып алған, алайда полицейлерге “олжасы” жайында хабарлауға асық­паған. Тағы бір қару Есіл ауда­нының тұрғынынан табылған. Ол қаруды бірнеше жыл бұрын басқа елге көшкен досы қалдырғанын айтқан.

Қаруды, оқ-дәрілерді, жарыл­ғыш заттарды өз еркімен тапсыр­ған адам қылмыстық және әкім­шілік жауапкершіліктен босаты­латынын хабарлаймыз.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp