Астанадан Қарағандыға жету үшін 2 сағат 30 минут қажет. Ал Қарағандыдан елордаға қайтуға 150 минут керек. Неге олай?
* * *
Ол сізге тиесілі, бірақ адамдар оны сізден де жиі қолданады. Ол не?
* * *
Тауық өзін құспын деп айта ала ма?
* * *
Аш қарынға неше стақан айран ішуге болады?
* * *
Автобус ауылға жүріп келе жатыр. Ол қарама-қарсы бағытта келе жатқан 3 автокөлікті көрді. Ауылға неше көлік бара жатыр?
* * *
Саябақтың ішінде 6 орындық тұр. Оның екеуін мамандар бояп қойды. Саябақта неше орындық қалды?
* * *
Оқушы мектепке 15 минутта жетеді. Ал 3 оқушы бұл жолды қанша уақытта өтеді?