«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Ревакцинациядан өтуде

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Севказэнерго” акционерлік қоға­мының қызметкерлері ревакцина­ция­дан өтуде. Бүгінгі таңда мұнда үшінші екпені 415 адам алды. Олардың қатарында Петропавл 2-ЖЭО, “Сол­түстік Қазақстан электржелілік тарату компаниясы” АҚ, “Петропавл Жылу Желілері”, “Севказэнергосбыт” серік­тестіктерінің қызметкерлері бар.

Елімізде вакциналау науқаны бас­талғанда алғашқылардың бірі болып аталмыш ұйым қызметкерлері екпе алған болатын. Содан кейін 2000-нан астам адам вакцинаның II компонен­тін алды. “Севказэнерго” акционерлік қоғамының еңбек қауіпсіздігі және ең­бекті қорғау басқармасының бас­тығы Оксана Полынның айтуынша, қыз­мет­керлерді ревакцинациялау осы жылдың қаңтар айының ортасында басталған. Екпе алғысы келетіндер өз кәсіпорындарының денсаулық бекет­тері арқылы өтініш беруде. Екпе алу­ды ұйғарған адамдар саны 50-ден асса, мобильді егу пункті ұйымдасты­рылып, дәрігерлер бригадасы сол жерге барады. Осылайша қызметкер­лер вакцинаны тез және ең бастысы өндірістен қол үзбей алады.

– Өздеріңіз білетіндей ревакцина­ция­дан өту кезінде вакцинаның бір компоненті қойылады. Деректер ав­томатты түрде вакцинацияның элек­трондық паспортына енгізіледі. Ал­ғашқы лекте ревакцинациядан өту ба­рысында 236 адамға “QazVac” екпесі қойылды. Сонымен қатар 179 қыз­меткер “Vero Cell” вакцинасын алды. Ұйым басшылары да бұл науқаннан қалыс қалмады. Жалпы ревакци­на­циялау науқанына қызметкерлер бел­сене қатысуда. Екпе алған энер­гетиктер өздерін жақсы сезінуде, – дейді Оксана Полын.

Қауіпті індетпен күресуде ком­па­ния өкілдері ұжымдық иммунитетті қа­лыптастырудың маңыздылығын түсі­не­ді. Сондықтан көпшілігі үшін қайта вакцинадан өту қажеттілігі туралы мә­селе тіпті туындаған жоқ. Өздерінің жә­не жақындарының ден­саулығына жа­уапкершілікпен қа­рай­тын біздің ма­ман­дар екпе алу арқылы ауруды ауыз­дықтауға болатынын жақ­сы біледі.

Лилия ШЕРИНА,

“Севказэнерго” акционерлік қоғамының қоғаммен байланыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp