“Nur Otan” партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы саяси кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты. Жиында партияның кезектен тыс XXI съезіне делегаттар сайланды.
Партияның кезектен тыс XXI съезін өткізу туралы “Nur Otan” партиясы саяси кеңесінің қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы атынан 19 адамнан тұратын делегаттар тізімі бекітілді. Форумға қатысатын делегаттар арасында жергілікті филиал басшылығы, аумақтық филиалдар төрағаларының бірінші орынбасарлары бар.
Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты “Nur Otan” партиясының съезі 28 қаңтарда онлайн форматта өтеді.
Ілияс СӘБДИНОВ,
“Nur Otan” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.