«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Екі адамның өмірін жалмады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс аумағында жыл басынан 27 өрт оқиғасы тіркеліп, екі адам қаза тапты, зардап шеккендердің біреуі – бала. Об­лыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тек өткен аптада өңірде 12 өрт тіркелген. Мәселен, Айыртау ауданындағы Янко стансасында жер үйдің мұржасын ерте жабу салдарынан улы газ ауаға тарап, екі адамға иіс тиді. Үйді жалға алып келген 24 жастағы екі тұрғын аудандық ауруханаға жеткізілді. Екеуінің де жағдайы орташа.

Ал Тайынша ауданы Многоцветное елді мекеніндегі жеке тұрғын үйде 23 қаңтар күні өрт шыққан. Кіреберіс бөлме тұтас жанып кетті. Ғимараттың шатыры жартылай құлап, қабырғалары зақымданды. Өрт сөндірушілер оқиға орны­нан 48 жастағы ер адамның денесін тапты. Өрттің шығуына пешті дұрыс жақпау себеп болған.

– Жыл басталғалы өңірде 27 өрт тіркелді. Бұл өткен жыл­дың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен екі есеге аз. Өрттен екі адам қаза тауып, 5 адам жарақаттанды. Күйік ал­ғандарың ішінде бір бала бар. Көп жағдайда өрт жеке сек­торда тіркеледі. Оған пешті дұрыс жақпау, электр қондыр­ғыларын қолдануда қарапайым сақтық ережелерін сақта­мау себеп, – дейді облыстық төтенше жағдайлар депар­таменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Дмитрий Растихин.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp