«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Заңнамадағы өзгерістер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2021 жылғы 27 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” және “Тұтынушы­лардың құқықтарын қорғау туралы” Заңдарына толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.

Қолданыстағы заңнама көлік құ­рал­­дарын, ауыл шаруашылығы тех­ни­касын, су және әуе кемелерін тех­никалық жағынан күрделі тауарларға жатқызатын жаңа нормамен толықты. Заңға түзетулер негізінде мынадай тұ­жырымдама пайда болды: “техни­калық жағынан күрделі тауар – ол өзін қосылыстың мәні айқындайтын мақ­са­ты бойынша пайдалануға мүмкіндік беретін көптеген конструкциялық жә­не (немесе) әртекті элементтерді қам­титын, техникалық жағынан күр­делі ішкі құрылымы бар азық-түлік емес тауар, оған тек қана көлік құ­ралдары, ауыл шаруашылығы техни­касы, су жә­не әуе кемелері жатады”. Яғни енді тех­никалық жағынан күр­делі ішкі құрылғылары бар көлік құ­ралдары (автомобильдер, мотоцикл­дер және т.б.), ауыл шаруашылығы техникасы (тракторлар, комбайндар және т.б.), су кемелері (катерлер, яхталар және т.б.) және әуе кемелері (ұшақтар, тік­ұшақтар және т.б.) заңды түрде тех­никалық жағынан күрделі тауарлар­дың қатарына қосылды.

Техникалық жағынан күрделі та­уарға және оның құрамдасына қа­тысты тұтынушы техникалық жағы­нан күрделі тауардың елеулі кемшілігі болған жағдайда ғана ұқсас маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыс­тыруды немесе сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа маркалы (модельді, артикулді) дәл сон­дай тауарға ауыстыруды яки шарт­ты бұзуды және тауар үшін тө­ленген ақшаны қайтаруды талап ету­ге құқылы. Техникалық жағынан күр­делі тауарға байланысты қалған жағ­дайларда тұтынушы тауардың кем­шіліктерін өтеусіз жоюды немесе айырманы тиісінше қайта есептей отырып, сатып алу бағасын азайтуды талап ете алады.

Мысалы, егер рөл рейкасын неме­се ауаның жаппай тұтыну датчигін (АЖТД) ауыстыру қажет болса, тұ­тынушы автомобильді басқа авто­мо­бильге ауыстыруды талап етуге құқы­лы емес. Мұндай жағдайларда тұ­тынушы кепілдік міндеттемелер шең­берінде кемшіліктерді өтеусіз жоюды (жөндеуді) немесе сатып алу бағасын мөлшерлес азайтуды талап етуге ғана құқылы.

Мәселен, автомобиль қозғалтқы­шын толығымен ауыстыру қажетті­лі­гін елеулі кемшіліктерге жатқызуға бо­лады, өйткені бұл үлкен шығын­дар­ды қажет етеді. Сондай-ақ кем­шіліктерге жөндеу кезінде ав­то­мо­бильге қосал­қы бөлшектерді жет­кізу мерзімі шарт­та белгіленген уа­қыттан едәуір асып кеткен жағдай­ларды жатқызуға бола­ды. Сондай-ақ тұтынушының сатып алу-сату шартын бұзу және техни­калық жағынан күрделі тауарларды ауыстыру туралы талаптарын орын­дау мерзіміне де өзгерістер енгізді.

Тұтынушы техникалық жағынан күр­делі тауардың кемшілігін анық­та­ған және ол шартты бұзу, тауар үшін төленген ақшаны қайтару тура­лы талап қойған жағдайда, техникалық жағынан күрделі тауарды және оның құрамдасын сатушы (дайындаушы, орындаушы) осы талапты үш жұмыс кү­ні ішінде қанағаттандыруға мін­детті.

Тұтынушы техникалық жағынан күрделі тауардың кемшілігін анықта­ған және оны ауыстыру туралы талап қойған жағдайда техникалық жағынан күрделі тауарды және оның құрамда­сын сатушы (дайындаушы, орын­даушы) осы талапты отыз жұмыс күні ішінде қанағаттандыруға міндетті.

Бұл ретте сатушы тұтынушының қойған талаптарымен келіспеген кезде сәйкестікті растау жөніндегі органдарға немесе сынақ зертхана­ларына техникалық жағынан күрделі тауардың қауіпсіздігін және (немесе) сапасын қосымша тексеруге (сарап­тамаға) жіберген жағдайда, техника­лық жағынан күрделі тауарды қайтару яки айырбастау жөніндегі мерзім тексеру (сараптама) жүргізілген уа­қытқа тоқтатыла тұрады.

Қазақстан Республикасының тұ­тыну­шылардың құқықтарын қорғау туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес сатушы (дайындаушы) кепілді мерзімін белгілеген тауарға қатысты, сатушы (дайындаушы) егер тауар­дағы кемшіліктер оларды тұтыну­шыға бергеннен кейін тұтынушының та­уарды пайдалану немесе оны сақ­тау ережелерін бұзуы, яки үшінші бір тұлғалардың іс-әрекеті немесе ең­серілмейтін күштің салдарынан туын­дағанын дәлелдей алмаса, тұ­тыну­шының талаптарын қанағаттан­дыру­ға міндетті екенін білген жөн.

Ләзім МИЯШЕВА,

облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp