“Севказэнерго” акционерлік қоғамының қызметкерлері ревакцинациядан өтуде. Бүгінгі таңда мұнда үшінші екпені 415 адам алды. Олардың қатарында Петропавл 2-ЖЭО, “Солтүстік Қазақстан электржелілік тарату компаниясы” АҚ, “Петропавл Жылу Желілері”, “Севказэнергосбыт” серіктестіктерінің қызметкерлері бар.
Елімізде вакциналау науқаны басталғанда алғашқылардың бірі болып аталмыш ұйым қызметкерлері екпе алған болатын. Содан кейін 2000-нан астам адам вакцинаның II компонентін алды. “Севказэнерго” акционерлік қоғамының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау басқармасының бастығы Оксана Полынның айтуынша, қызметкерлерді ревакцинациялау осы жылдың қаңтар айының ортасында басталған. Екпе алғысы келетіндер өз кәсіпорындарының денсаулық бекеттері арқылы өтініш беруде. Екпе алуды ұйғарған адамдар саны 50-ден асса, мобильді егу пункті ұйымдастырылып, дәрігерлер бригадасы сол жерге барады. Осылайша қызметкерлер вакцинаны тез және ең бастысы өндірістен қол үзбей алады.
– Өздеріңіз білетіндей ревакцинациядан өту кезінде вакцинаның бір компоненті қойылады. Деректер автоматты түрде вакцинацияның электрондық паспортына енгізіледі. Алғашқы лекте ревакцинациядан өту барысында 236 адамға “QazVac” екпесі қойылды. Сонымен қатар 179 қызметкер “Vero Cell” вакцинасын алды. Ұйым басшылары да бұл науқаннан қалыс қалмады. Жалпы ревакцинациялау науқанына қызметкерлер белсене қатысуда. Екпе алған энергетиктер өздерін жақсы сезінуде, – дейді Оксана Полын.
Қауіпті індетпен күресуде компания өкілдері ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың маңыздылығын түсінеді. Сондықтан көпшілігі үшін қайта вакцинадан өту қажеттілігі туралы мәселе тіпті туындаған жоқ. Өздерінің және жақындарының денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын біздің мамандар екпе алу арқылы ауруды ауыздықтауға болатынын жақсы біледі.
Лилия ШЕРИНА,
“Севказэнерго” акционерлік қоғамының қоғаммен байланыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы.