«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ұлттың асыл мұрасы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тіл – халқымыздың рухани байлығы, өткені мен болашағы, ұлттың тірегі, Тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, елдігіміз бен бірлігіміздің жалауы. Жамбыл ауданында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге арналған “Тілге құрмет – елге құрмет” челленджі, “Мен қазақша сөйлеймін” акциясы өтті. Түрлі этнос өкілдері де бұл шаралардан тыс қалмады.

Бұдан бөлек, ауданда “Ақ бата – асыл мұра”, “Бата беру”, “Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық көркем сөз оқу шеберлік байқауы”, “Өлең оқу шебері” және “Дәстүр мен ғұмыр” атты шараларда мемлекеттік тіл мен қазақтың көне салт-дәстүрлері кеңінен насихатталды. Тілдер күніне арналған “Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік рәміздері” және “Тіл шебері” облыстық конкурсында аудан тұрғыны Динара Садуева екінші орын еншілегенін айта кеткен жөн.

Сондай-ақ “Ұлттық ономастика – ел айнасы” республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтіп, конкурсқа жергілікті атқарушы органдарда ономастика саласымен айналысатын мамандардан құралған үш команда қатысты. Нәтижесінде Жамбыл, Мамлют аудандары өкілдерінен тұратын “Қызылжар” командасы бірінші орынды иеленді.

Жыл сайын Жамбыл ауданының білім беру мекемелерінде тілдер онкүндігі өтеді. Аудандық әкімдік мамандарының айтуынша, тілдер апталығында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, мемлекеттік тілді терең меңгеру, оның қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған шаралар жалғаса береді.

Игілік Рахметов.

Жамбыл ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp