«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бостандыққа шықты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сирия сергелдеңін көргендердің алдыңғы легі бостандыққа шықты. Пет­ропавл әйелдер колониясында жа­засын өтеген екі адам үйіне оралды. Жалпы “Жусан” операциясы барысында елге Сирия мен Ирактан 157 әйел қайтарылған еді. Оның 18-і қолдарына қару алып, террорлық ұйымға мүше болғаны үшін сот­талған.

Петропавлдағы әйелдер колония­сында терроризм бабы бойынша сот­талған әлі үш әйел жазасын өтеп жа­тыр. Алды 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылған. Олармен психолог және теолог мамандар жұмыс істейді.

– Сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеу үшін жылдар қажет болуы мүмкін. Барлығы адамның өзіне, түс­кен ортасына байланысты. Жазасын өтеушілер түрлі тестен өтіп, олардың радикалдық көзқарастан қаншалық­ты арылғаны анықталады. Жастар­дың мұндай жолға түсіп кетуіне кө­біне ақша себеп. Өйткені ұйымға неғұрлым көп адам шақырғандарға соғұрлым көп қаржы төленіп келген, – дейді теолог Әйгерім Қасенова.

Эльмира КӘЛЕНОВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp