Соңғы бес жылда облыста қылмыс санының төмендеу үрдісі байқалады. Қылмыстың ең көп таралған түріне жататын ұрлық саны да айтарлықтай азайған. Тоғыз пайызға төмендеген. Мәселен, ұялы телефон ұрлығы өткен жылмен салыстырғанда азайып отыр, нақтырақ 458-ден 306 фактіге дейін кеміді. Тәртіп сақшылары мұндай көрсеткішке бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алуға бағытталған жоспарлы іс-шаралар арқылы қол жеткізілгенін атап өтті. Халықтың арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу, бейнебақылау камераларын көбейту және тағы басқа шаралар өз жемісін беруде.
– Ұялы телефондар көп жағдайда көңіл көтеру орындарында немесе пәтерлерде қолды болып жатады, – дейді полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Марат Жұмалиев. – Қоғамдық орындардағы сақтық ережелері туралы да ұмытпаған жөн, қымбат гаджеттерді қараусыз қалдырмау қажет, шалбардың артқы қалтасына салмаған жөн.
Динара САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің аға инспекторы.