Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова Красноярскіде өтіп жатқан “Иван Ярыгин” Гран-приінің жеңімпазы атанды.
Әйелдер күресінен ел құрамасының өкілі 76 килограмға дейінгі салмақта күресіп, алтын медаль жеңіп алды. Финалда қазақстандық спортшы Беларусьтен келген Ксения Дзибуктан басым түсті. Есеп – 15:4. Жартылай финалда бозкілем иесі Мария Силинаны ұтқан еді.
Аталмыш жарысқа тағы бір жерлесіміз Нұрқожа Қайпанов та қатысқан. Өкінішке қарай, ол ресейлік Азнавур Таваевтан ширек финалда жеңіліс тапты.
Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.