«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Гран-при иегері

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан об­лы­сының тумасы, Олим­пиа­да ойындарының қола жүл­де­гері Эльмира Сыз­дықова Крас­­ноярскіде өтіп жатқан “Иван Ярыгин” Гран-приінің же­ңімпазы атанды.

Әйелдер күресінен ел құрамасы­ның өкілі 76 килограмға дейінгі сал­мақта күресіп, алтын медаль жеңіп алды. Финалда қазақстандық спорт­шы Беларусьтен келген Ксе­ния Дзибук­тан басым түсті. Есеп – 15:4. Жартылай финалда бозкілем иесі Мария Силинаны ұтқан еді.

Аталмыш жарысқа тағы бір жер­лесіміз Нұрқожа Қайпанов та қа­тысқан. Өкінішке қарай, ол ресейлік Азнавур Таваевтан ширек финалда жеңіліс тапты.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp