Облыстық бейнелеу өнері музейіне “Мұражайға сый” акциясы аясында Жас суретшілер одағының және “Таң-Шолпан” халықаралық әйелдер қорының мүшесі, белгілі суретші Рейхан Айтуарова “Желтоқсан 1986” картинасын сыйға тарту етті.
Автор картинада алаңда әділдік үшін күрескен жастардың қайраткерлігін суреттеген. Тәуелсіздік үшін құрбан болған жастардың ерік-жігерін басып-жаншыған жендеттердің іс-әрекеті де бұл картинаға арқау болған. Суретшінің тамаша еңбегімен облыс жұртшылығы алдағы уақытта таныса алады.
Өнерпаздың 2019 жылы біздің облыста өткен “Ботай – Ұлы дала мәдениеті” атты І халықаралық суретшілер симпозиумына қатысқанын айтып өткен жөн. Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Петропавл қаласында суретшінің жеке кескіндеме көрмесін өткізу жоспарлануда.
Гүлнұр ЗЕЙНЕЛҒАБИДЕНОВА,
облыстық бейнелеу өнері музейінің қызметкері.