Қазақстандық теннисші Анна Данилина мен бразилиялық Беатрис Хаддад Майя жұбы “Australian Open – 2022” турнирінің финалында чехиялықтар Барбора Крейчикова мен Катерина Синяковамен сынға түсті.
Бірінші партия барысында қарсыластар екі реттен брейк жасады. Тай-брейкте қазақстандық-бразилиялық жұптың жолы болды. Алайда екінші және үшінші сеттерде чехиялықтар 6:4 есебімен жеңіске жетті. Тартысқа толы бәсеке 2 сағат 42 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші Анна Данилина спорттық мансабында алғаш рет “Australian Open” турнирінің финалына дейін жетті.
Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.