«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«Еңбек» бағдарламасы арқылы 2700 отбасы қоныс аударды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысына «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылдан бері 2700 отбасы қоныс аударған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017-2021 жылдар аралығында облысқа 2700 отбасы, яғни 9 120 адам қоныс аударды. Олардың ішінде 3874 адам еңбекке қабілетті жаста болса, соның 3100-і еңбекпен қамтылды. Ал 550 адам бала күтіміне байланысты демалыста болса, 220-сы зейнеткер. Бұдан басқа 4300-ге жуық бала, 276 студент келді. Қоныс аударушылардың қажетіне осы аралықта 1,9 млрд теңге қаражат жұмсалды.

«Мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыс күші мол өңірлерден ерікті түрде қоныс аударушыларға көшуге материалдық көмек көрсетіліп, тұрғын үйді жалдау және коммуналдық ақыны төлеу шығындарды өтелді. Қысқа мерзімді курстардан өтіп, кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік берілді. 20 жылға жалдамалы тұрғын үй ұсынылды. Ай сайынғы төлем шамамен 10 мың теңгені құрайды. 5 жылдан кейін тұрғын үйді қалған құны бойынша сатып алуға болады. Бағдарлама 2021 жылы аяқталды. Биыл «Қуатты өңірлер» ұлттық жобасы аясында көші-қон бағдарламасы жалғасын таппақ», – дейді басқарманың бас маманы Назерке Тасқұлова.

Көшуге материалдық көмек отбасының әр мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде бір рет, тұрғын үйді жалдауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге материалдық көмек ай сайын, отбасы құрамы мен қоныстандыру орнына байланысты он екі ай бойы 15-30 АЕК мөлшерінде қаражат төленеді.

«600-дей адам келген жақтарына қайтты. Отбасылық жағдайға, ауа райы жақпай денсаулыққа байланысты көшіп кеткендер болды. Баспананың жайсыздығына байланысты кеткендер де бар, ол жайында әлеуметтік желіде айтылды. 2020 жылға дейін келушілерге көшіп келген аймақта бір жыл тұру міндеті қойылды. Сондықтан олар әлеуметтік талапты орындағандықтан, мемлекетке ештеңе қайтармайды. Ал талапты орындамағандар еріктерімен немесе сот арқылы өздеріне жұмсалған қаражатты қайтарады», – дейді Назерке Тасқұлова.

Жалпы басқарма сайтының (www.ukzsp.sko.gov.kz) «Этникалық және еңбек көші-қоны» тарауында қажетті ақпаратты алуға болады.

Сондай-ақ, жұмыс күші артық өңірлерден қоныс аудару мәселесіне қатысты ақпарат «Enbek.kz» электрондық еңбек биржасы порталында «Азаматтарға арналған қызметтер» қосымшасында «Қоныс аудару» бөлімінде орналастырылған.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp